0,08 сек. Одан əрі қарыншадағы қысым өсе бастайды да, қанның
қарыншаға өту қарқыны азаяды. Бұл баяу толу сатысы. Оның
ұзақтығы 0,16 сек. Бұдан əрі толу кезеңі жүрекшелердің жиыры-
дың ширығу деңгейі төмендейді. Бұл изометриялық босаңсу са-
83
көп төмендеп, жармалы қақпақшалар ашылады да, жүрек жұ-
мысының жаңа кезеңі - толу басталады.
Əр түлік малда жүрек айналымы кезеңдерінің ұзақтығы
əртүрлі. Ол жүрек жұмысының жиілігіне байланысты (25-сурет).
Мысалы, сиырда бір минутта орта есеппен 60 жүрек айналымы
байқалады. Демек, жүректің бір толық айналымының ұзақтығы
1,0 секундқа тең. Осы аталған уақыттың 0,1 сек жүрекшелердің
жиырылуына, 0,3 сек қарыншалардың жиырылуына, ал 0,6 сек
жалпы тыным кезеңіне жұмсалады. Сонымен жүректің бір толық
айналымына кететін уақыттың көп мөлшері еттердің демалысына
жұмсалады. Жоғарыда келтірілген цифрларға қарағанда, жүрекше
еттері жүректің бір толық айналымында тек 0,1 сек, ал қарынша
еттері 0,3 сек жұмыс істейді. Басқа кезде олар дем алады. Осының
арқасында ғана жүрек ұзақ уақыт тынымсыз, шаршамай қызмет
атқара алады.
25-сурет. Қойдың жүрек айналымының сызбасы (жүрек минутына
75 рет соққанда):
1 - қарыншалардың жиырылуы;
2 - қанды қуу, 3 - босаңсу, 4 - то лу кезең дері
Жалпы тыным кезінде жүректің қызметін қамтамасыз ететін
энергия қоры жинақталады. Арнаулы жүргізілген зерттеулер
тіршілік əрекеті кезінде жүрекке үлкен күш түсетінін дəлелдеді.
Мысалы, жүрек 6 сағат ішінде салмағы 70 кг адамды 25 қабатты
үйдің биіктігіне көтеруге жарайтындай энергия шығындайды. Бір
минутта жүрек 8,5 кГм, бір тəулікте - 12 мың кГм, ал бір жыл-
да – 4260 мың кГм жұмыс атқарады. Жүректің бір тəулік ішінде
жұмсаған энергиясына 18 т. жүкті бір метр биіктікке көтеруге бо-
лар еді.
Жүректің жұмысы кезінде оның қуыстарындағы қысым мөл-
шері өзгеріп отырады. Мысалы, жүрекшелер жиырылғанда олар-
дың қуысындағы қысым сынап бағанасымен 10-30 мм дейін
84
көтеріледі, ал диастола кезінде ол күрт төмендеп, 0-ге дейін түсіп
кетеді. Систола кезінде сол қарыншада қысым сынап бағанасымен
150-180 мм, ал оң қарыншада -70-80 мм дейін көтеріледі де, диас-
тола кезінде 2-5 мм-ге дейін төмендейді.
Жүрек қуысындағы қысым деңгейін Шово-Марей əдісі ар-
қылы жүрекке ұшына баллон орнатқан арнаулы түтікшелер жі-
беру арқылы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: