тады. Оны Людвиг сағатымен анықтайды (37-су-
рет). Көлемдік жылдамдық см/сек немесе мм/ сек
латын тамырлар үшін ғана қол данады. Тамырда
37-сурет. Людвиг сағаты:
лып, қанның түрлі қабаттары бір-бірімен араласып кетеді. Ағыс-
103
ағысы ламинарлық ағысқа жатады. Қолқа мен
ірі артериялардың тармақталған жерлерінде ғана
турбуленттік ағыс байқалады.
Қан ағысының сызықтық жылдамдығы та-
мыр лардың көл денең қиындысына кері пропор-
цио
налды. Тамырдың көлденең қиындысы үл-
кейген сайын сызықтық жылдамдық азаяды, ал
ол кішірейсе, өседі. Сондықтан қан ағысының
сызықтық жыл дамдығы қан тамырлары жүйесінің
əр бөлігінде əртүрлі (39-сурет). Тамырлар та рам-
данған сайын олардың диаметрі кіші рей гені мен
жалпы көлденең қиындыларының мөлшері арта
39-сурет. Тамырлардың тармақталуына сəйкес
олардың
көлденең қиын дысының өсуі:
А - тамырдың тармақтары;
Ə - жалпы көл денең қиынды мөлшері
түседі. Капиллярлардың көлденең қиындыларының жалпы қо-
сындысы қолқа қиындысынан 700-800 есе көп.
Тамырлар венулалар мен веналарға жинақтала келе олардың
көлденең қиындысы қайтадан кішірейе бастайды. Қуыс вена-
лардың қиындысы қолқа қиындысынан сəл ғана көп. Демек, қан
ағысының сызықтық жылдамдығы (40-сурет) қолқа мен арте-
рияларда өте жоғары (ретімен секундына 500 жəне 150-200 мм),
капиллярларда күрт төмендейді (0,5 мм/с), веналарда қайтадан
жоғарылайды (75-100 мм/с).
Қан ағысының сызықтық
жылдамдығын тамыр бойы-
мен жы лудың немесе радио-
активті заттардың таралу
шап шаңдығына қарап анық-
тай ды. Кейінгі кезде бұл мақ-
сат
та өте дəл ультра
дыбыс-
тық əдіс қолданылып жүр.
Қан ағысының сызықтық
жылдамдығының орташа мə-
нін қанның толық айналым
уақытын анықтау арқылы
да білуге болады. Қанның
то
лық айналым мерзімі
деп қанның белгілі бір бөлігінің үлкен жəне кіші қан айналым
шең бер лерінен өтуіне қажет уақытты айтады. Минутына жүрек
60-80 рет соғатын болса, бұл уақыт 22-24 с немесе 26-27 жүрек
40-сурет. Тамырлар жүйе сі нің əр түрлі
бөлімінде сы
зық тық жыл
дамдықтың
өз геруі:
I - қолқа; 2 - ар териялар; 3 - ар те-
рио лалар; 4 - капиллярлар; 5 - веналар
104
айналымының уақытына тең (1 жүрек айналымы 0,80-0,85 с
тең). Бұл уақыттың 4-5 с қанның кіші, ал 19-20 с үлкен қан айна-
лым шеңберінен өтуіне кетеді. Қанның толық айналым мерзімін
қанға залалсыз бояулар, радиоактивті заттар, тыныс орталығын
қоздыратын препараттар (лобилин, цититон) жіберу арқылы
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: