Атмосфералық қысым жоғарылаған жағдайда тыныс алу.
Атмосфералық қысымның өсуі терең шахталарда, сүңгуір жұмыс
жағдайларында байқалады. Əрбір 10,4 м тереңдікте қысым бір
атмосфераға жоғарылайды. Жалпы алғанда тереңдікте болу онша
қауіпті емес. Бірақ қысымы жоғары жерде ұзақ уақыт болғанда
қанда еріген газдардың, əсіресе, азоттың, мөлшері көбейеді. Үлкен
тереңдіктен тез көтерілген жағдайда, қан мен ұлпалардағы еріген
азот газ көпіршіктеріне айнала бастайды да, өкпе арқылы бөлініп
үлгермейді. Сондықтан ұлпалар мен қанда газ көпіршіктері жи-
налып, олар ми, жүрек, т.б. тіршіліктік маңызы зор ағзалардың та-
мырын бітеп (эмболия), қан айналымын бұзады да (кессон ауруы),
өлім қаупін тудырады.
Атмосфералық қысым жоғарылаған жағдайда тыныс жиілігі
2-4 есе төмендейді. Дем алу жеңілдеп, оның уақыты қысқарады
да, дем шығару қиындап, оның уақыты ұзарады. Эритроциттердің
қан қоймаларына жиналуының салдарынан айналымдағы қанның
құрамындағы оның саны азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |