7.6. Əртүрлі жағдайлардағы тыныс ерекшеліктері
Дене жұмысының тынысқа əсері. Дене жұмысы кезінде ор-
ганизмнің оттегіге мұқтаждығы артады. Пропри орецеп тор лардың
(ет, сіңір, буын рецепторлары) тітіркенуінің салдарынан өкпенің
желдетілуі күшейеді, қан деполары жиырылып, қан құрамындағы
эритроциттердің саны көбейеді, қанның оттектік сыйымдылығы
артады. Осының нəтижесінде ағзалар мен ұлпаларды оттегімен
жабдықтау жақсарып, зат алмасу өнімдерінің, оның ішінде кө-
мірқышқыл газының денеден бөлінуі жылдамдайды.
Дене жұмысы кезінде өкпенің желдетілуі түрлі гуморальдық
заттардың, əсіресе бұлшық еттер мен қанда жиналатын сүт қыш-
қылының əсерінен күшейеді. Сүт қышқылы көмір қышқылын
оның натрийлі жəне калийлі қосылыстарынан ығыстырып шы-
ғарады. Осының салдарынан қан құрамында көмір қышқыл га-
зының мөлшері арта түседі де, ол тыныс орталығы мен хемо-
рецепторларға əсер етеді.
Дене жұмысы кезінде оттегінің тапшылығына байланыс
ты
сүт қышқылы соңғы ыдырау өнімдеріне - Н
2
О мен СО
2
-ге ажы-
рап үлгермейді де, организмде жинақтала береді. Денеде жи-
налған сүт қышқылының толық тотығу процесі, одан қайтадан
65-сурет. Оттектік борыш
150
жүзім қантының түзілу реакциялары жұмыс аяқталған соң де-
малыс кезінде жүреді. Организмнің бұл күйін оттектік борыш
деп атайды (65-сурет). Сол себепті жұмыс аяқталғаннан кейін
де біршама уақыт ентігу байқалады. Бұл организмнің оттегіге
деген мұқтаждығын жойып, сүт қышқылының ақырғы ыдырау
өнімдеріне дейін тотығуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |