тастыруға қатысады. Артерия қанындағы оттегі мен көмір
152
арасындағы үйлестіктің маңызы зор. Мысалы, дене жұ мы сының
бастапқы кезінде байқалатын артерия қанының оттегі
мен қа-
нығу дəрежесінің төмендеуі осы аталған екі жүйенің қыз
мет-
теріндегі үйлесімсіздіктен туындайтын құбылыс. Жұмыс ба-
рысында орталық жүйке жүйесінің əсерімен жүрек пен тыныс
органдарының қызметінде үйлесімділік калыптасып, өкпенің
желдетілу қарқыны мен қан айналым арасында сəйкестік пайда
болады.
Тыныс ағзалары мен қан айналым жүйесінің арасында тығыз
анатомиялық ықпалдастық та бар. Жүрек көкірек қуысында оң
жəне сол өкпелердің арнаулы ойысында орналасады. Өкпенің
тоқтаусыз желдетілуі салдарынан оның температурасы жүрек
еттерінің температурасынан төменірек. Сол себепті өкпе
жүрек еттерінің жылуын сіңіріп, оны шектен тыс қызып кету-
ден сақтайды. Сонымен қатар, өкпеқап (плевра) қуысындағы
теріс қысым қанды вена тамырларынан оң жақ жүрекшеге
қайтаратын маңызды фактор. Дем алғанда құрсақ қуысындағы
қысым жоғарылайды да, ас қорыту ағзаларынан қанның қайтуы
жеңілдейді. Көкірек қуысының теріс қысымының əсерінен қан
айналымның үлкен шеңберіндегі қан сорылып, кіші шеңбер та-
мырлары қанға толады. Бұл тыныс алу органдары мен қан айна-
лым жүйесінің арасындағы тығыз байланыстың айғағы. Соны-
мен қатар, қан қысымы көтерілсе, күре тамырдың рефлексогенді
аймағының тітіркенуіне байланысты тыныс сирейді, ал төмендесе,
жиілейді.
Тыныс органдары дене жылуын реттеу процестеріне де
қатысады. Өкпе тыныстық ауаны жылыту үшін біршама жылу
энергиясын шығындайды. Өкпе арқылы бу түрінде бүкіл дене-
ден шығарылатын жылудың 10 пайызға жуығы бөлінеді. Тыныс
жолдарының салқын ауамен тітіркенуінен рефлекс түрінде дене
қызуы көтеріледі.
Ас қорыту ағзалары мен тыныс жүйесінің арасында да тығыз
байланыс байқалады. Тыныс қимылдары мен көк еттің жиырылуы
бауыр, қарын сияқты ағзаларға физиологиялық массаж ретінде
əсер етіп, олардың қан айналымын жақсартады, лимфа мен өттің
ағуын жеңілдетеді. Көк еттің жиырылуы нəжіс бөлу (дефекация)
процесін жеңілдетеді. Қарын шектен тыс тола керілсе (газдар
жиналғанда), көк етті қысып, тынысты тарылтады. Өкпе арқылы
ас қорыту жолында түзілген кейбір газдар (сутегі, шалшық газы,
т.б.). бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: