7.9. Құстардың тыныс алу ерекшеліктері
Құстардың тыныс органдарына көптеген құрылымдық жəне
əрекет ерекшеліктері тəн. Олардың тыныс жүйесі мұрын қуысы-
нан, жоғарғы жəне төменгі (дыбыс) көмекейлерден, кеңірдектен,
брон хылардан, өкпе мен ауа қапшықтарынан тұрады. Құстардың
ты ныс жүйесінің жалпы сыйымдылығы оларға салмағы жағынан
ша малас сүт қоректілер жүйесінің сыйымдылығынан 3 еседей
көп. Бұл тыныс жолдарының күрделілігімен байланысты.
Құстардың ұзын кеңірдегі өкпеге кіре берісте оң жəне сол
бронхыларға тарамданады. Олар көкірек-мойын қапшығына тар-
мақ береді де, өкпені бойлай өтіп, құрсақ қапшығымен жалғасады.
Өкпеде бас бронхыдан екі қатар – дорсальдық жəне вен-
тральдық, екінші реттегі бронхылар тарамдалады. Олардың бір-
азы өкпеден шығып, қапшықтармен жалғасады (бұл эктоброн-
хылар), ал қалған түрлері (эндобронхылар) өкпенің өзінде
тұйық тала бітеді.
Эндобронхылар пара-
бронхылармен жалғасады.
Олардың өсінділерін ауа
капиллярлары деп атайды
(66-сурет). Нəзік дəне-
кер ұлпамен қоршалған
пара бронхылар мен ауа
ка пиллярлары
бес-алты
қырлы ұяшықтар тү
зеді.
Олар сырт пішіні жағы-
нан өрмекші торына ұқ-
сас көлденең жəне тік тү-
тікшелер жүйесін құрап,
өк пе паренхимасының
не гі зін
жасайды.
Бұл
түтік шелер торы кіші қан
66-сурет. Құстардың бронхылары мен ауа
капиллярлары:
А-жалпы схема; Ə - параброн-
хы; Б - парабронхы каналы; 1- не гіз гі бронх;
2 - екінші реттік бронх; 3 - эктобронх; 4 - пара-
бронх; 5 - ауа капиллярлары; 6-бронх саңылауы
|