ғының өсін ділері. Құс тарда 9
ке ріл гіштік қасиеті нашар. Олар көкірек қуысында омырт қаның
ды. Өкпе нің дорсальды бет кейі қа быр ғаларға жабысып жатады.
Құстарда көк ет болмайды. Құстар дем алғанда ауа өк пе арқылы
ауа бармайды, оларға тек өкпеден шықан ауа ғана келеді. Дем
түспей, өкпеге ығысады. Келесі дем алу кезінде өкпедегі ауа
өткізеді.
156
Құстардың өкпесінде газ
алмасу процесі сүт қоректі-
лермен салыстырғанда қар-
қын дырақ жүреді. Оған қан
мен ауаның бір-біріне қарама-
қарсы жылжуы мүмкіндік ту-
ғызады (69-сурет). Осының
ар қасында өкпеде газ алмасу
процесі үздіксіз жүреді, себебі
құс тардың артерия қанында
отте гінің үлес қысымы қарсы ба ғытта жылжитын ауадағы қысы-
мнан əр кез төмен болады.
Ауа қапшықтары газ алмасу процесіне қатыспайды, олар дене
салмағын жеңілдетіп, құс ұшқан кезде ішкі ағзалардың қалыпты
орнын сақтауға, дефекация процесін атқаруға жағдай туғызады.
Қапшықтар ауа қорын жинап, дене жылуын реттеуде маңызды
рөл атқарады. Қапшықтардағы ауа ағыны күшейгенде су була-
нып, оның алмасу процесі реттеледі.
Тыныс алу процесі көкірек-құрсақ қуысы көлемінің өзгеруі
нəтижесінде атқарылады. Дем алынғанда қабырғалар артқа қарай
төмен тарта ығысады да, көкірек-құрсақ қуысының алдыңғы бөлігі
кеңиді. Осының салдарынан ауа өкпе арқылы ауа қапшықтарына
сорылады. Дем шығарылғанда көкірек қуысы кішірейіп, ауа
қапшықтары мен өкпе сығылады да, ауа кері бағытта жылжи-
ды. Құстар оттегі тапшылығына өте сезімтал. Ауадағы оттегінің
мөлшері 1-2 пайызға төмендегеннің өзінде үйректерде ентігу ба-
сталады.
Құстарда тыныс жиілігі сүт қоректілермен салыстырғанда ар-
тығырақ. Оптималды температурада кептерлер - 25-46, тауық -
18-34, үйрек - 15-30, қаз-15-25, күркетауық - 13-20 рет дем алады.
Құстар тынысының реттелуі сүт қоректілер тынысының рет-
телу принципімен жүреді, бірақ оның құпиялары толық зерттел-
меген. Тауықтың кезеген жүйкесін қиып тастаса тыныс сирейді,
ал оның орталық ұшын тітіркендірсе тоқтап қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: