Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет130/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

 Тараудың қысқаша сөздігі

Ауа – воздух

Ауа тамыр – бронхы

Газ алмасу – газообмен

Дем алу – вдох

Дем шығару – выдох

Дыбыс байламдары (шымылдығы) – дыхательные связки

Желбезек – жабры

Кеңірдек – трахея

Кеңірдек ашасы – бифуркация трахеи

Пайдасыз кеңістік – вредное пространство

Тыныс, тыныс алу – дыхание

Тыныс жолдары – дыхательные пути

Тыныс жүйесі – дыхательная система

Үлес қысым – парциальное давление

Оттектік борыш – кислородная задолженность

Өкпе – легкие

Өкпеқап – плевра

Өкпеқап қуысы – межплевральная полость 

Өкпе сему – ателектаз


158

8-т а р а у

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

8.1. Ас қорытудың мəні мен маңызы

Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қо-

ректік заттардың күрделі қосылыстарының денеге жеңіл сі ңетін 

қарапайым құрамаларына ыдырауын қамтамасыз ететін про-

цестердің жиынтығын айтады.

Организм əртүрлі жұмыстар атқару үстінде көп мөлшерде 

энергия шығындайды, сондықтан оның тіршілік əрекетін сақтау 

үшін энергия қоры үздіксіз толықтырылып отырылуы керек. 

Қажетті энергияны организм азықпен түрлі органикалық заттар 

(белоктар, көмірсулар, майлар) түрінде қабылдайды. Қоректік 

заттар азық құрамында ірі молекулалы қосылыстар түрінде 

кездеседі. Олар қан мен лимфаға тарап, торшалар мен ұлпаларға 

сіңу үшін арнаулы өңдеуден өтіп, қарапайым қосылыс түріне 

айналу керек. Ас қорыту жолында коректік заттар физикалық, 

химиялық, биологиялық əсерлерге ұшырап, кіші молекулалы, 

суда оңай еритін, денеге жеңіл сіңетін қосылыстарға айналады. 

Ас қорытудың мəні осында.

Жоғары сатыдағы жануарлардың ас қорыту ағзалары күрделі 

эволюциялық даму жолынан өткен, сол себепті тіршілік ортасының 

жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғатына байланы-

сты ас қорытудың бірнеше түрлері қалыптасқан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет