қарай қарында қабылданған азық 4-10 сағат бөгеледі. Көмір-
азық пен салыстырғанда, қарында азырақ аялдайды. Қарыннан
187
ішек ке жын жеке-жеке үлеспен (порция) өтеді. Ол пилорус
қысқышының ашылып-жабылуына (пилорус рефлексі) байланы-
сты. Қарынның қышқыл сөлі сіңген жын пилорус аймағына жет-
кенде тұз қышқылы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіріп, реф-
лекс түрінде қысқыш ашылады. Одан əрі қарынның жиырылуы
нəтижесінде ішекке өткен қышқыл жын ұлтабар ұшы рецептор-
ларын тітіркендіріп, пилорус қысқышы жабылады. Ішекке өткен
жын бейтараптанып болғанша қысқыш жабық күйде қалады.
Осылай процесс қайталана береді. Пилорус қысқышы майдың
əсерінен де жабылады, сондықтан майлы азық қарында ұзақ
бөгеледі.
Жалпы қарын қызметтерін қамтамасыз ететін физиологиялық
тетіктер барлық түліктерге ортақ заңдылықпен əрекет етеді. Де-
генмен, малдың қоректену ерекшеліктеріне, қарынның көлемі
мен құрылысына байланысты қарын қызметінде өзгешеліктер
байқалуы мүмкін. Осымен байланысты жеке түліктер қарнындағы
ас қорыту ерекшеліктеріне тоқталған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: