229
шап шаңдатады. Ішек без дерінің қызметіне ішектің өзінде пай-
да болған гормондар да əсер етеді. Дуокринин гормоны бруннер
бездерінің қызметін, ал энтерокринин гормоны либеркюн без де-
рі нің қызметін жандандырады.
Ұйқы безі сөлінің құрамы мен маңызы. Ішек қуысындағы
ас қорыту процесінде ұйқы безінің маңызы өте зор. Ұйқы безінің
сөлі түссіз, мөлдір, сілтілік ортасы бар (рН - 7,2-8,50) сұйық зат.
Оның құрамында 98-99 пайыз су, 1-2 пайыз, құрамына натрий, ка-
лий, кальций, магний, темір элементтері, хлоридтер, карбонаттар
жəне муцин енетін, құрғақ зат болады. Сөл құрамындағы трип-
синоген, химотрипсиноген, карбооксиполипептидаза, пепти-
даза, амилаза, мальтаза, лактаза, липаза, фосфолипаза, дезок-
сирибонуклеаза ферменттерінің əсерімен
белоктар, көмірсулар
жəне майлар қорытылады. Бұл аталған ферменттермен қатар сөл
құрамында нуклеин қышқылдарын нуклеотидтер мен фосфор
қышқылына ыдырататын рибонуклеаза ферменті болады.
Ұйқы безі құрамындағы бұйығы трипсиноген молекуласының
N ұшынан ішек сөлінің құрамындағы энтерокиназа ферментінің
əсерімен алты амин қышқылынан құралған фрагмент бөлінеді де,
ол белоктарды ыдырататын белсенді трипсинге айналады. Трип-
син сілтілік ортада əрекет етеді, оның əсерін бауырда түзілетін өт
жандандырады. Өз кезегінде трипсин химотрипсиногенді химо-
трипсинге айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: