Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Өт жəне оның ас қорытудағы маңызы



Pdf көрінісі
бет184/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Өт жəне оның ас қорытудағы маңызы. Өт бауыр тор ша-

ла рының ли зо сомасында түзіліп, бауырдың өт жол дары (өт ка-

пиллярлары, өт өзектері жəне жарнақаралық өзек 

тер) арқылы 

шығады да, жалпы бауыр жəне өт қабының өзектері арқылы өт 

қабына жиналады. Өт қабынан немесе тікелей бауырдан арнаулы 

өзек арқылы өт ұлтабар ұшына құйылады. Өт өзегі ішек қуысына 

ұйқы безі өзегімен қатар (шошқа мен сиырдан басқа малдарда) 

ашылады. Жылқы, түйе, бұғы, кептер, егеуқұйрықта өт қабы бол-

майды, оның қызметін бауыр өзегінің кеңіген жері - өт цистер-

насы атқарады. Бауырда өт толассыз түзіледі де, ішек қуысына 

өт қабының толу дəрежесінен тəуелсіз ас қорыту үстінде мезгіл-

мезгіл (ит пен мысықта), не үздіксіз (сиыр, қой-ешкі, жылқы, 

шошқа, қоянда) бөлінеді. Өт қабы мал азықты жей бастаған кезде 




232

жиырылады да, жиналған өтті ішекке айдайды. Тəулігіне ит 0,2-

0,3 л, қоян - 0,02-0,03, қой - 0,8-1,0, шошқа - 2,5-3,0, жылқы - 5,0-

6,0, сиыр - 7,0-9,0 л өт түзеді.

Организмдегі өт қапшықтық жəне бауырлық болып бөлінеді. 

Қапшықтық өт қоңырқай, қою, тұтқыр келеді. Оның құрамында 

85 пайыз су болады да, тығыздығы 1,035-1,045, сутектік көр-

сеткіші - 5,5-6,5 деңгейінде сақталады. Бауырлық өттің құра-

мында 97,5 пайыз су болады да, тығыздығы 1,010-1,015, рН-ы 

- 7,4-8,0 деңгейінде сақталады. Өттің құрамындағы билиру-

бин жəне биливердин бояғыштары оған өзіндік жасыл сарғыш 

түс береді. Өт негізінен су жəне аз мөлшерде құрғақ заттардан 

тұрады. Құрғақ қалдық бейорганикалық тұздардан (натрий, ка-

лий, кальций, магний, темір элементтерінен, хлоридтерден, кар-

бонаттардан, фосфаттардан, сульфаттардан) жəне органикалық 

заттардан (муцин, өт қышқылдары, өт пигменттері) құралады. 

Сиыр мен шошқа өтінде 0,4-0,5 пайыз жалпы липидтер (олардың 

жартысы фосфолипидтер) кездеседі. Демек, бұл түліктерде өт 

липидтердің алмасуында маңызды рөл атқарады (А. А. Алиев). 

Қазіргі мағлұматтарға қарағанда, өт құрамында амилаза жəне ли-

паза ферменттері болады.

Өттің құрамында ас қорыту процесіне қатыспайтын холесте-

рин, лецитин, холин, дезоксихолин, литохолин қышқылдары, өт 

пигменттері сияқты организмде зат алмасу процесі кезінде пай-

да болатын өнімдер де болады. Бұл аталған өнімдер организмнен 

толассыз бөлініп отыруға тиіс. Сондықтан өт бауырда толассыз 

түзіледі. Демек, бауыр екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, 

онда организмде зат алмасу процесі кезінде пайда болған түрлі 

улы заттар залалсызданып, ас қорыту процесіне қажетті өнімдер 

(өт қышқылдары) түзіледі де, екіншіден, өт арқылы организмге 

қажетсіз қосылыстар ішек қуысына бөлініп шығарылады. Соны-

мен, бауыр торшаларында секреция жəне экскреция процестері 

қатар жүреді.

Өт құрамындағы холин қышқылдарының көп бөлігі гликоко-

ламен қосылыс түрінде (гликохолин қышқылы), ал аз бөлігі тау-

ринмен қосылыс түрінде (таурохолин қышқылы) болады. Бұл өт 

қышқылдары ішектегі ас қорытуда зор рөл атқарады. Олардың 

натрийлі тұздары су мен майдың беттік керілісін азайтып, май 

эмульсиясының пайда болуына көмектеседі. Өт қышқылдары 

май тамшыларының бетіне жабысып, олардың бірігуіне мүм-

кін дік бермейді. Олар липаза ферментін белсендіріп, май 

лар 


мен май қышқылдарының, майда еритін - А, Д, С, К дəрмен-

дəрілерінің сіңуін жеңілдетеді. Өт қышқылдары ұйқы безі 




233

сөлінің құрамындағы көмірсулар мен белоктарды ыдырататын 

ферменттердің де əрекетін жандандырады. Өт ішек қимылын 

күшейтіп, жынның ішек бойымен жылжуына көмектеседі, 

қарыннан өткен қышқылдарды бейтараптап, ішектегі шіру 

процесін тежейді. Бауырдың қызметі бұзылса, тек ас қорыту 

процесі ғана нашарлап қоймай, организмдегі зат алмасу өзгереді 

жəне зат алмасу өнімдерімен улану қаупі туады.

Өт түзу жəне өт бөлу процестері өт қапшығына жəне өт өзегіне 

көбек қою арқылы зерттеледі. 



Өт бөлу процесі жүйке жүйесі арқылы жəне ішекте пайда 

болатын химиялық заттардың əсерімен реттеледі. Ауыз қуы сы, 

қарын, ұлтабар ұшы рецепторлары тітіркенгенде кезеген жүй-

кенің əсерімен өт қапшығы жиырылып, өт өзегінің қысқышы 

босаңсиды да, өт ішекке бөлінеді. Симпатикалық жүйке əсерімен 

өт қапшығы босаңсып, өт өзегінің қысқышы қысылады да, өт 

бөлу тиылады. Өттің бөлінуі белоктардың ыдырау өнімдерінің, 

майлар мен азық құрамындағы сығынды заттардың əсерімен 

күшейеді. Тұз қышқылы, ішекке өткен қарын сөлі өттің бөлінуін 

күшейтеді. Ұлтабар ұшында түзілетін холецистокинин мен секре-



тин жəне гастрин бауырдың жұмысын реттеуде, өттің бөлінуін 

күшейтуде маңызды рөл атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет