ететін физиологиялық процесті айтады. Сіңіру процесі дененің
бейімделген.
торшааралық заттар маңызды рөл атқарады. Торшалардың белок-
бөгде заттар сіңеді. Осыған байланысты Дюбуа - Реймон сіңіру
тынын көрсетті. Мысалы, қан капиллярларындағы қысым с.б.
238
30-40 мм, ал ішек қуысындағы қысым - 5 мм шамасында. Физи-
ка заңымен гипотониялық ерітіндінің, судың диффузиялық гра-
диентке қарсы сіңуін түсіндіру қиын. Дегенмен, ішек қуысындағы
қысым жоғарыласа, сору процесі күшейеді. Малдың оқшауланған
ішек қиындысына сол малдың өз қанын құйса, біраз уақыттан
кейін қан толық сіңіп кетеді. Ішектің кілегейлі қабығына есірткі
(наркоздық) заттармен əсер етсе, сору процесі уақытша бөгеледі
де, энтероциттерді уландырғанда тоқтап қалады. Осы мысал-
дар сіңіру механизмін физикалық-химиялық процесс ретінде
түсіндіруге болмайтынының, бұл құбылыстың ішектің эпите-
лий торшаларына тəн биологиялық құбылыс екенінің айғағы.
Сондықтан ішек эпителийін тек жартылай өткізгіш жарғақ
ретінде қарамай, оны күрделі физиологиялық қызмет атқаратын
аппарат ретінде қабылдау керек.
Қоректік заттардың иондық, концентрациялық градиентке
қарсы сорылуы торша мембраналарының белсенді қызметінің
арқасында жүретін процесс. Сіңу кезінде қоректік заттар моле-
ку
ласы үш мембраналық тосқауылдан: энтероциттің ішек
қуы сына қараған апикальдық мембранасынан, торшалардың
ци то плазмалық торының микротүтіктерінен, осы торшаның ка-
пил лярларға қараған базальдық мембранасынан жəне капил ляр-
лардың базальдық мембранасынан өтеді (98-сурет). Кейбір зат-
тар торшааралық саңылаулар арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: