281
негізінен хиломикрондар мен тығыздығы төмен липопротеидтер
түзіледі. Хиломикрон деп жұқа белокты қабықпен қапталған бей-
тарап май молекулаларын айтады. Хиломикрондар мен липопро-
теидтер негізінен лимфа жүйесіне өтіп, көкіректік лимфа өзегі
арқылы жалпы қан айналым шеңберіне қосылады. Эфирленбеген
май қышқылдарының қалдықтары (негізінен тізбектері орташа
ұзындықты қышқылдар) қанға сіңіп, бауырға тасымалданады.
Орта есеппен майлардың ыдырау өнімдерінің 70 пайызы лимфаға,
ал 30 пайызы қанға сіңеді. Құстарда липидтер толығымен қанға
сіңіп, бауыр арқылы жалпы айналымға қосылады.
Қанға сіңген май бауырда қайтадан глицерин мен май қыш-
қылдарына ажырайды. Глицерин глюкозаға айналып, гликоген
түрінде қорға жиналады. Май қышқылдары бета-окси-, бета-
кетоқышқылдары сатысынан өтіп, сірке қышқылына айналады
да, ол тотығып, су, көмір қышқыл газы жəне энергия бөлінеді.
Бауыр торшаларында организмге тəн үшглицеридтер, фосфолип-
дтер жəне холестерин мен кетонды заттар да түзіліп, олар қанға
бөлініп отырады.
Лимфаға сіңген хиломикрондар мен липопротеидтердің көп
мөлшерін өкпенің ерекше торшалары - гистиоциттер сүзіп алады
да, олар осы жерде тотығу процесіне ұшырап, энергияға айнала-
ды. Бұл процестің суық аймақта тіршілік ететін жануарлар үшін
маңызы зор. Өкпеден өткен хиломикрондар бүкіл денеге тарап,
май қорына айналады.
Май ұлпасы торшаларында май көмірсулар мен белоктардың
азотсыз қалдығынан да түзіледі. Егер рацион құрамындағы азотты
заттар мен азотсыз заттардың арақатынасы 1:13-1:17 аралығында
болса, онда организмде майдың 80 пайызы көмірсулардан
түзіледі; ал бұл көрсеткіш 1,2-1,4 аралығында болса, онда орга-
низмде майдың тек 4-5 пайызы көмірсулардан, ал көп мөлшері
белоктардан түзіледі.
Əрбір организмде оның өзіне ғана тəн май жинақталады. Əр
түлік малының майы еру температурасымен, йод санымен, конси-
стенциясымен, қаныққан жəне қанықпаған май қышқылдарының
арақатынасымен ерекшеленеді. Құрамында қаныққан май
қышқылдары көп майдың еру температурасы жоғары болады.
Əртүрлі жануарлар майының еру температурасы: сиыр майы- 19-
24,5
0
, шошқа майы - 36-46
0
, тауық майы - 33-40
0
, қаз майы - 26-
34
0
, қой майы - 44-50
0
, сиырдың тоң майы - 31-38
0
, ит майы - 37-
40
0
көрсеткіштерімен сипатталады.
Кейбір қанықпаған май қышқылдары (линол, линолен, ара-
хидин) организмде түзілмейді, сондықтан олар азықпен міндетті
282
түрде қабылдану керек. Бұл қышқылдарды алмастырылмайтын
май қышқылдары деп атайды. Егер олар рацион құрамында бол-
маса майлардың алмасуы, өсу, көбею процестері бұзылып, тері
ауруға шалдығады.
Организмге сыртқы ортадан энергия көзі аз мөлшерде түссе,
онда ол куатты қорға жиналған майлардан алады. Бұл жағдайда
ұлпалардағы май липаза ферменттерінің əрекетімен глицерин
мен май қышқылдарына ыдырайды да, тотығу процесінен кейін
су мен көмір қышқыл газы түзіліп, энергия бөлінеді.
Қордағы майдың басқа жолмен де пайдаланылуы мүмкін. Бұл
жағдайда май өз қоймаларынан қанға өтіп, бауырға тасымалда-
нады да, онда глицерин мен май қышқылдарына ыдырағаннан
кейін энергия көзі ретінде жаратылады. Майлар ұлпалардан ли-
потропты заттармен (холин, коламин, серин, инозит, метионин,
бетаин, т.б.) байланыс түрінде тасымалданады. Бұл заттар бау-
ырды шырланудан сақтап, майдың басқа ұлпаларға тасымалда-
нуын жеңілдетеді. Сонымен қатар бауырда май сутектендіру,
сутектенсіздендіру процестеріне ұшырап, май қышқылдарының
тізбектері ұзарып, не қысқарып отыруы да мүмкін.
Май қышқылдарының аралық өнімдерінің ыдырауы кезінде
кетонды заттар - ацетон, ацетон-сірке, бета-оксимай қышқылдары
түзіледі. Липидтердің алмасуы бұзылса, рационда көмірсулар
тапшы болса, бұл қосылыстар организмде көп мөлшерде жи-
нақталып, кетоз ауруы өршиді.
Рацион құрамында біршама мөлшерде май тектес заттар да
кездеседі. Олар фосфатидтер жəне стериндер болып екі топқа
бөлінеді.
Фосфатидтерге лецитиндер, кефалиндер, сфингомиэлиндер
жатады. Аталған қосылыстар да глицериннің күрделі эфирлеріне
жатады, бірақ олардың құрамында фосфор қышқылы жəне азот-
ты негіз - холин болады. Фосфатидтер өсу жəне қайта қалыптасу
(регенерация) процестерінде маңызды рөл атқарады, олар май
қышқылдарының ішектен сіңірілуін, сүт майын синтездеуді
қамтамасыз етеді. Фосфатидтер туындысы – ацетилхолин, қозу
толқынының жүйке талшықтарынан бұлшық етке, жұмыс орган-
дарына өтуін қамтамасыз етеді.
Фосфатидтерге жүйке ұлпасы бай келеді. Фосфатидтердің өзі
ішек қабырғасы мен бауырда түзіледі.
Стериндер - циклді спирттер тобына жатады. Олардың ма-
ңызды өкілі – холестерин болып табылады. Холестерин бүйрек
үсті безінің, жүйке ұлпасының, эритроциттердің, өттің құрамында
көп мөлшерде кездеседі. Бүйрек үсті бездерінің гормондары, жы-