Липидтердің алмасуын реттеу. Липидтер алмасуын реттей-
тін орталық гипоталамусте орналасқан. Оған дəлел, гипотала мус-
тың вентромедиальдық ядроларын зақымдағанда – мал шектен
тыс семіріп, ал латеральдық ядролар зақымдалса – арықтайды.
Бұл орталық қан мен ұлпалық сұйықтағы глюкоза деңгейіне
қарай бір-біріне қарама-қарсы екі процесті – майдың қорға жина-
луын жəне оның организм мұқтаждығы үшін пайдалануын, рет-
теп отырады. Қандағы глюкоза деңгейі көтерілсе, липолиз (май
бұзу) тоқтайды да, май түзу (липогенез) күшейеді, ал қант деңгейі
төмендесе, кері құбылыс байқалады.
Аталған процестер орталықтың симпатоадреналдық жəне
ги поталамус-гипофиздік жүйелерге əсері арқылы жүреді. Орта-
лық жүйке жүйесі май қоймаларының адипоциттеріне тіке-
лей вегетативтік жүйкелер арқылы да əсер етуі мүмкін. Симпа-
тикалық жүйкелер липолизді, ал парасимпатикалық жүйкелер
липогенезді күшейтеді. Липолиздік əсер адреналин, норадрена-
лин, СТГ (соматотропты гормон), ТТГ (тиреотропты гормон),
тироксин, глюкагон гормондарына тəн, ал инсулин майдың
қор ға жиналуын күшейтеді. Инсулин май торшаларының мем-
бранасындағы рецепторлармен байланысып, адреналин мен но-
радреналиннің əсерін тежейді де, липаза ферменттерінің бел-
сен
ділігін төмендетеді. Глюкокортикоидтар да глюконеоге
нез
про
цесін күшейтіп, қандағы глюкоза деңгейін көтеру арқы
лы
май лардың пайдалануын баяулатады. Липокаин – май қыш қылда-
рының тотығуын күшейтіп, бауырды шырланудан сақтайды.
Липидтердің алмасуына майлардың ыдырау өнімдері де əсер
етеді. Мысалы, глицерин майлардың ыдырауын шапшаңдатса,
май қышқылдары оны бөгейді.
Достарыңызбен бөлісу: |