286
(ацетилкоэнзим-А), 3-фосфоглицерин қышқылы жатады. Пируват
амин қышқылдарының азотсыз қалдығынан, глюкозадан, глице-
риннен, май қышқылдарынан түзіледі. Ацетилкоэнзим-А (Ацетил
- КоА) тотықпалы карбоксилсіздену процесінен өткен пируваттың
коэнзим-А-мен қосылуының нəтижесінде жəне амин қышқылдары
мен май қышқылдарының тотығуы барысында түзіледі. Амин
қышқылдарының өзгерістері кезінде кетоқышқылдар да түзіледі.
Соңында белоктардың, көмірсулардың, липидтердің алмасу
процестері ортақ алмасу арнасына - үшкарбонқышқылдар айна-
лымына (Кребс айналымына) тоғысады. Бұл айналым митохон-
дриялар ферменттерінің қатысуымен жүретін тұйықталған реак-
циялар жүйесінен құралады.
Аталған айналымға көмірсулар мен майдың ыдырау өнімдері
ацетил-КоА түрінде, ал амин қықылдарының ыдырау өнімдері
негізінен - альфа–кетоқышқылдар түрінде қосылады. Кребс ай-
налымында ұлпалық тыныстың əсерімен қоректік заттар сатылы
тотығу процесінен өтеді де, көмір қышқыл газы мен су бөлініп,
АТФ түрінде энергия жинақталады.
Организмде пируват көмірсулар мен майларды түзу үшін
жұмсалады жəне амин қышқылдарының амин алмастыру про-
цестеріне қатысады. Ацетил-КоА май қышқылдарын, көмір
су-
ларды, стероидтарды, өт қышқылдарын түзу үшін пайдаланы-
лады. Сонымен қатар ол организмдегі негізгі қуат көзі болып
табылады.
Глюкозаның аралық ыдырау өнімі – 3-фосфоглицеринді
қыш қылдан май құрамына енетін глицерин түзіледі. Альфа-ке-
то
қышқылдар амин қышқылдарын (глутамин, аспарагин), ал
сук
цинил-КоА - гемді синтездеуге жұмсалады. Глюконеогенез
про цесі үшін негізгі метаболит ретінде қымыздық-сірке қышқылы
пайдаланылады.
Зат алмасу процесі кезінде қалыптасатын байланыстың ар-
қасында қоректік заттардың бір түрінің тапшылығы басқа заттың
есебінен толтырылып отырады. Мысалы, организмде көмірсулар
майға мына желімен айналады: глюкоза
пируват - ацетил-КоА
бутирил - КоА
май қышқылдары; глюкоза
глюкоза-
лы - 6 - фосфат
3-фосфоглицеринді альдегид
глицерин.
Майдың көмірсуға айналуы: май қышқылдары
ацетил - КоА
ацетат глюкоза; май қышқылдары
ацетил - КоА
пируват
глицерин реакциялар тізбегі арқылы жүреді. Белоктар ыдыраған
кезде босаған амин қышқылдарының бір бөлігі глюконео ге нез
процесінің арқасында глюкозаға айналады. Өз ретінде көмір су лар
287
ыдыраған кезде түзілген пируват тотықсыздана аминделу неме се
амин алмастыру процестерінің нəтижесінде аланиннің, аспара гин
жəне глутамин қышқылдарының негізі ретінде пайдаланылады.
Амин қышқылдары май қышқылдарына көбінесе глюкоза
түзу арқылы айналады. Дегенмен, кейбір кетогенді қышқылдар
(лейцин, изолейцин, фенилаланин, тирозин) аралық өнім ретінде
ацетон-сірке қышқылын түзетін болғандықтан, бірден май қыш-
қылдарына айнала алады. Май қышқылдарынан тікелей амин
қышқылдары түзілмейді, себебі жануарларда алмастырылатын
амин қышқылдарын түзуді қамтамасыз ететін қос көміртекті
фрагменттерді үшкөміртекті қосылыстарға айналдыратын тетік
болмайды.
Зат алмасу жолдарының энергиялық гомеостазды сақтаудағы
арабайланысы қандағы глюкоза деңгейінің тұрақтылығын сақ-
тауда жақсы байқалады. Гипогликемия жағдайында инсулин
кереғарларының түзілуі күшейіп, тек гликогенолиз процесі
ғана жанданып қоймайды, сонымен қатар организмде белок тар
мен майлар да ыдырайды. Осының нəтижесінде денедегі ер кін
амин қышқылдарының, глицериннің, эфирленбеген май қыш-
қылдарының мөлшері артып, глюконеогенез процесі есебінен
жəне май қышқылдарының ыдырауы салдарынан глюкоза түзу
процесі күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: