Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Су мен минералды заттардың алмасуы



Pdf көрінісі
бет227/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

9.8. Су мен минералды заттардың алмасуы

Су мен минеральды заттардың қатысуымен организм тір-

шілігіне аса қажетті процестер жүзеге асады: ішкі ортаның 

осмостық қысымының тұрақтылығы, сутектік көрсеткіш деңгейі 

сақталады. Су мен минералды заттар тірі протоплазманың 

коллоидтық күйін сақтауға мүмкіндік туғызады, диффузия 

жəне осмос құбылыстарын қамтамасыз етіп, қоректік заттарды 

сіңіру, қажетсіз өнімдерді бөлу процестерінде маңызды қызмет 

атқарады.

Су мен минералды заттардың қоректік, қуаттық құндылығы 

жоқ, энергия бөлмейді, бірақ олардың биологиялық маңызы өте 

зор. Су - зат алмасу процесіне қатысатын əртүрлі органикалық 

жəне бейорганикалық заттардың əмбебап еріткіші. Ол - бар лық 

торшалардың маңызды құрамасы, торшалық алмасуды қам та ма-

сыз ететін орта.

Сақа мал денесінде 65 пайызға дейін, ал жас малдарда одан да 

көп су болады. Төл өсе келе денедегі су мөлшері азаяды. Мыса-



288

лы, жаңа туған бұзаудың денесінде 75 пайыз су болса, алты айлық 

торпақта ол - 62 пайыз, сақа бұқа денесінде 52-55 пайыз құрайды. 

Егер организмге су жетіспесе, онда оның органдарының қалыпты 

жұмысы бұзылады, тіпті, өлім қаупі де төнеді. Мысалы, малға 

су бермей қойса, ол бар болғаны 4-5 күнде өледі, ал егер оны су 

бере отырып ашықтырса, мал 40-45 күндік аштыққа шыдай ала-

ды. Су іше жүріп ашыққанда мал өз салмағының 40 пайызын 

жоғалтқанның өзінде тіршілік əрекетін сақтайды. Шөлдеу кезінде 

дене массасының 10 пайызын жоғалту қауіпті, ал 20-22 пайызын 

жоғалту өлімге əкеп соқтырады. 

Денедегі минералды заттар көптеген биохимиялық реакция-

лардың катализаторлары болып табылады. Тұздар иондары фи-

зио 


логиялық процестерге, мысалы, жүйке жүйесінің қозғыш-

тығына өзіндік əсер етеді. Денедегі судың мөлшері өзгерсе, ішкі 

ортадағы тұздың құрамы ауытқыса коллоидтардың тұрақтылығы 

бұзылып, жеке торшалардың жəне бүкіл организмнің тіршілік 

əрекеті тоқтайды. Малға минералды заттар бермей қойса, басқа 

органикалық заттар мен судың жеткіліктігіне қарамай, мал 

тəбеттен айырылып, арықтайды да, тіпті, өліп те қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет