Микроэлементтер - организмнің өсу, даму процестерін рет-
теуде, оның əртүрлі ауруларға төзімділігін қалыптастыруда, мал
өнімділігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде төмендегі
микроэлементтердің биологиялық маңызы толығырақ зерттелген.
Темір - организмге азық құрамында бейорганикалық қосылыс
түрінде түседі. Ол денеде гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-
тотықсыздану ферменттері - пероксидаза, оксидазалар, катала-
за мен биологиялық тотығу процесін жүргізетін цитохромдық
ферменттер құрамында кездеседі. Денеде темір бауырда, көк
бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин (темірдің ги-
драт тотығы) мен белоктардың қосылысы түрінде жинақталады.
Ферритинмен қатар организмде гемосидерин кездеседі. Оның
293
құрамында 35 пайызға дейін темір болады. Темірдің қан плаз-
масында белоктармен қосылыс түзген түрін сидерофилин деп
атайды. Бұл қосылыс темірді дененің бір құрамасынан екіншісіне
тасымалдауға мүмкіндік береді.
Темір жетіспеген жағдайда эритроциттерді түзу, гемоглобинді
синтездеу процестері бұзылып, мал анемияға (қан тапшылығына)
ұшырайды. Бұл ауру торайларда жиі кездеседі, оның себебі
мегежін сүтінде темір аз болады. Əр торай тəулігіне ене сүтімен
1 мг ғана темір қабылдайды, ал олардың қалыпты өсіп жетілуі
үшін тəулігіне кем дегенде, 7 мг темір қабылдау керек. Сондықтан
темір тапшылығын торай азығына темірдің күкірт қышқылды
тұзын қосу арқылы жояды.
Мыс – барлық органдар құрамында кездеседі, бірақ оның
ең көп мөлшері бауырда жинақталады. Мыс гемокупреин тү рін-
де эритроциттердің құрамында болады, кейбір тотығу-тотық-
сыздандыру ферменттерінің құрамына кіретіндіктен ол ұлпалық
тыныс процестерінде маңызды рөл атқарады. Мыс жүнге
белгілі түс беретін меланин атты бояғышты түзу үшін қажет. Ол
цитохромоксидазаның белсенділігін күшейтіп, қан түзу процесін
жақсартады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары мен А,
В, С, Е, РР дəрмендəрілерінің белсенділігін арттыра отырып,
мыс малдың өсіп-өнуіне жағымды ықпал етеді. Рационда мыс
жетіспесе ірі қарада «жаланшық» ауруы байқалады. Бұл ауру ане-
миямен, жүрек еттерінің семуімен, тəбеттің нашарлауымен, іштің
өтуімен, жүннің өсуінің баяулауымен, оның түсінің өзгеруімен си-
патталады. Қозыларда мыстың тапшылығына байланысты қимыл
үйлесімі бұзылады. Құрсақтық даму кезінде жəне жас төлдерде
мысқа сұраныс өте жоғары болады.
Кобальт – В
12
дəрмендəрісінің құрамына енетіндіктен қан
түзу процесінде маңызды рөл атқарады. Кобальт организмдегі
ферменттік процестерге, зат алмасу қарқынына, өсу, даму про-
цестеріне жағымды əсер етеді, жүректің, ас қорыту ағзаларының,
жүйке жүйесінің, ішкі секреция бездерінің, сүйек кемігінің
қызметін жақсартады. Ол малдың салмақ қосуын, жүнділігін
арттырады. Кобальтты мес қарын микроорганизмдері жақсы
пайдаланып, В
12
дəрмендəрісін (цианкобаламин) түзеді. Күйіс
қайырмайтын малда цианкобаламин ішекте түзіледі. Организмде
кобальт ұйқы безінде, бауырда, еттерде жинақталады.
Азық құрамында кобальт тапшы болса, көбінесе, сиыр мен
қой ауырады: организмде, əсіресе, сүйекте, зат алмасу бұзылады,
остеодистрофия байқалып, сүйек жұқарады, жұмсарады, онда ке-
294
уек пайда болып, сүйек сынғыш келеді. Жас малдың бас сүйегінің
пішіні өзгеріп, сақа малдың омыртқасы қисаяды.
Марганец – дененің барлық органдары мен ұлпаларының
құрамында кездеседі, бірақ сүйекте, бауырда, бүйректе, ұйқы
безінде, гипофизде ол көбірек жинақталады. Бұл элемент бе-
локтарды ыдырататын ферменттердің құрамына енеді, кейбір
тотығу-тотықсыздану ферменттерінің белсенділігіне ықпал етеді,
белоктың, көмірсудың, майдың алмасуын жандандырады. Ол
организмнің өсіп-дамуына, қанның түзілуіне, сүйектің жетілуіне
жағымды ықпал жасайды. Марганец бұлшық еттің қалыпты
қызметі үшін қажет. Ол жыныстық жетілуге, көбею процесіне
жағымды əсер етеді.
Мырыш – барлық ұлпаларда кездеседі, карбоангидраза мен
алкогольдегидразаның, инсулиннің құрамына енеді, белоктар
мен көмірсулар алмасуын жандандырады. Мырыш тұздары ги-
пофиз, ұйқы жəне жыныс бездері гормондарының белсенділігін
арт тырып, зат алмасу процесіне əсер етеді. Мырыш жетіспесе
организмнің өсуі тоқтап, жыныс бездерінің қызметі бұзылады.
Йод - зат алмасу мен өсу процестерін күшейтетін қалқанша
без гормондарының құрамында болады, ол жетіспесе, «жемсау»
(зоб) ауруы өршиді. Мал йод тапшылығына өте сезімтал. Ол
жетіспеген жағдайда көбею (ұрпақтану) қызметі нашарлап, төл
(бұзау) əлжуаз немесе түксіз, өлі туады.
Бром - гипофиз гормондарының құрамында кездеседі, үлкен
ми жарты шарлары торшаларындағы қозу жəне тежелу про-
цестерінің туындауын реттейді.
Фтор – сүйек пен тіс кіреукесінің құрамына енеді. Ол көптеген
ферменттердің əрекетін əлсіретіп, зат алмасу процесін баяулата-
ды, қан құрамындағы кальций мен фосфордың арақатынасына
əсер етіп, сүйектің қатаюын шапшаңдатады. Фтор жетіспесе, тіс
кіреукесі бұзылады.
Никель - кейбір ферменттердің белсенділігін күшейтіп, ашу
процесін жандандырады. Топырақта оның концентрациясы ша-
мадан артық болса (Солтүстік Қазақстан облысы), онда никель
көздің қасаң қабығына жинақталып, бұзау мен қозылар соқыр бо-
лып қалады.
Организмде кейбір элементтердің тек қана ізі ғана болады деп
өттік. Бұл элементтердің биологиялық мəні əлі толық зерттел-
меген. Олар өсімдік құрамында болмаса, зат алмасу процесінде
ауытқулар байқалады. Мысалы, селен элементін ұзақ уақыт уыт-
ты элемент деп келді. Соңғы жылдары оның бұзау мен қозыларда
ет дистрофиясын болдырмайтын қасиеті байқалды.
Күшəн (Мышьяк) - торшалардың ферменттік жүйесіне əсер
295
ету арқылы тотығу процестерін тежеп, синтездік процестерді
күшейтеді. Зат алмасу процесін реттеуде радиоактивті элемент-
тер (радий, торий, уран, олардың ыдырау өнімдері) де қатысады.
Олардың топырақта болмауы түрлі патологиялық процестерге
əкеп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |