2 - сорап; 3 - су мен газдарды сіңіргіш; 4 - қақпақша; 5 - оттегі беретін қондырғы
310
газының калориялық коэффициенті деп атайды. Ал организм
сіңірген оттегі мен ол бөлген көмір қышқыл газының мөлшерін
анықтау үшін арнаулы респирациялық камералар қолданылады.
Олардың алғашқы модельдерін 1886 жылы орыс оқымыстылары
В.В.Пашутин мен М. Н. Шатерников жасаған (113-сурет).
Респирациялық камераларда жануарлардың газ алмасуын
тəулік бойына немесе одан да ұзақ уақыт зерттеуге болады. Рес-
пи рациялық камералар не тұйық жүйелі, не таза ауа мен оттегі
үздіксіз келіп отыратын (ағынды) принциппен жасалады.
Респирациялық камера - қос қабырғалы металл жəшік.
Қабырғалар арасы сумен толтырылады. Ішкі жəшікке малды
орналастырады. Одан сорылған ауа көмір қышқыл газды сіңіру
үшін сілті ертіндісінен жəне ылғалдықтан айыру үшін хлорлы
кальций ертіндісінен өткізіледі. Камераға арнаулы резервуардан
оттегі беріліп отырады. Газ өлшегіштің жəрдемімен мал сіңірген
оттегі мен ол бөлген көмір қышқыл газдың мөлшері есептеледі.
Ағынды респирациялық аппараттар Петтенкофер мен Фойт
принципі бойынша жасалады. Мұндай аппараттар атмосфералық
ауамен еркін жалғасады. Арнаулы сораппен камерадан сорылған
ауа газ есептегіш пен газ талдағыш (анализатор) арқылы өтеді
де, оның құрамындағы су мен көмір қышқыл газының мөлшері
зерттеледі. Сонымен қатар басқа қондырғы көмегімен камераға
өткен ауаның мөлшері, оның газдық құрамы анықталады.
Қысқа мерзімді зерттеулерді арнаулы тыныс қапқырының
көмегімен жүргізеді (114-сурет). Мал тынысты қапқырдағы ар-
наулы қақпақша арқылы алады да, деммен шыққан ауа басқа
қақпақша арқылы ауа өткізбейтін Дуглас қапшығына жинала-
ды (115-сурет). Тəжірибе 10–15 минутқа созылады. Тəжірибе
аяқталған соң қапшықтағы ауаны жақсылап араластырып, оның
құрамындағы оттегі мен көмір қышқыл газының пайыздық
мөлшерін анықтау мақсатында ауаға талдау жасайды да, қап-
шықтағы ауаны газ сағаты арқылы өткізіп, тəжірибе кезінде өкпе
арқылы өткен ауаның мөлшерін есептейді. Газдың құрамы Хол-
ден аппаратында анықталады (116-сурет). Аппараттағы пирогал-
лол ертіндісі оттегіні, ал сілті көмір қышқыл газын сіңіреді.
Осылай организмдегі газ алмасуды зерттеп, оның энер-
гия шығынын анықтауға болады. Бір ескерер жайт, газдардың
калориялық коэффициенті организмде тотыққан органикалық
заттардың табиғатына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, бе-
лок тотыққанда организм сіңірген оттегінің əр литріне 4,8 ккал