Н. Е. Введенский ұзаққа созылған химиялық жəне физикалық
битінін анықтаған. Өз зерттеулерінің нəтижесінде ол 1901 жылы
ген мағына береді). Бұл теория қозу жəне тежелу процестерінің
екенін көрсетеді.
Парабиоз құбылысының физиологиялық мəнін Н. Е. Вве-
Н. Е. Введенский тəжірибесін бақаның жүйке-ет препараты-
мен жүргізген. Алдымен жүйкенің бір учаскесі эфир, хлороформ,
новокаин, калий хлориды, т.б. тітіркендіргіш əсерімен еліт-
анықталған. Содан соң осы еліткен жерге, оның алдына жəне етке
483
Енді осы жүйкені электр тогы-
мен тітіркендіргенде еліткен бө-
лік
тің функционалдық күйінің өз-
герістерінде үш саты бай
қалған.
Жүйке еліткеннен соң күші мен
жиілігі əртүрлі тітір
кендіргішке
ет бір деңгейде жауап береді. Оны
жүй кенің құ былмалылық қасиеті-
нің өзгерісімен түсіндіріп, бұл са-
тыны Н. Е. Введенский теңестіру
немесе трансформациялық саты
деп атаған.
Тəжірибе əрі қарай жалғасқанда
препарат күшті жəне жиі тітір кен-
діргішке əлсіз жиырылумен, ал əлсіз жəне сирек тітір кендіргішке
– керісінше, күшті жиырылумен жауап берген. Ұлпа қасиетінің
бұлай құбылуы бұрмалау, парадоксалдық саты деп аталған. Осы-
дан кейін препарат еш бір тітіркендіргішке жауап бермеген. Бұл
тежелу сатысы. Еліт тіруші əсер əрі қарай жалғасса, тежелу са-
тысы тереңдеп, тіршілік белгілері - қозғыштық пен өткізгіштік,
жойылады, ұлпа өлара (парабиоз) күйіне көшеді. Байқалған
өзгерістерді парабиоз сатылары дейді.
Еліттіруші факторлардың əсері тоқтаса, парабиоз тиылып,
жүйкенің жансызданған бөлігінің бастапқы функционалдық күйі
қалпына келеді. Айта кетер жайт, парабиоздан ұлпа кері тəртіппен
шығады (алдымен тежелу сатысына көшеді, содан соң бұрмалау,
теңестіру сатылары арқылы қалыпқа келеді). Ал еліттіруші фак-
тор əсері тиылмаған жағдайда ұлпа өліп қалады.
Жүйкенің еліткен жерінде əртүрлі тітіркендіргіштер əсерінен
туындаған əрекет потенциалын зерттеу парабиоздың теңестіру
сатысында жүйкенің еліткен бөлігінде құбылмалылық, онымен
байланысты өткізгіштік төмендемейтінін көрсеткен. Сондықтан
жүйкенің бұл бөлігі зақымданбаған бөліктен жеткен жиі тітір-
кеністерге синхронды жауап бере алмайды, оны өзгертіп, өз
күйіне сəйкес сирек ырғақпен жауап қайтарады. Ал, сирек
ырғақты тітіркеністер бұл жерден өзгеріссіз өткізіледі. Еліткен
бөлікте тітіркеніс күші мен ырғағының өзгеруі нəтижесінде олар
белгілі шамада теңгеріледі, сондықтан еттің жиырылу күші де
теңеседі.
Парабиоздың бұрмалау сатысында еліткен бөлікте құбыл-
малылық, демек, жүйкенің өткізгіштігі одан əрі төмендей тү-
Достарыңызбен бөлісу: