484
седі. Сондықтан еліткен бөлікке жиі тітіркеністер абсолюттік
рефрактерлік сатысында жетеді де, елітуді күшейте түсіп, пес-
симум тудырады. Тітіркендіргіш күші артса, не оның ырғағы
жиілесе, құбылмалалық нашарлай береді. Осымен еліткен бө-
лік тек əлсіз жəне сирек ырғақты тітіркендіргіштерді ғана өт-
кізеді, себебі олар салыстырмалы рефрактерлік сатыда немесе
экзальтацияның басында əсер етеді. Сол себепті күшті немесе
жиі ырғақты тітіркендіргіштерге əлсіз жауап, ал əлсіз немесе си-
рек тітіркендіргіштерге - күшті жауап алынады.
Тежелу сатысында лабильділік одан əрі
төмендейді, абсо-
лют тік рефрактерлік саты ұзара түседі, сондықтан əрбір тітір-
кендіргіш əсері онымен тұстас келеді де, еліткен бөліктен ті-
тір кеніс өткізілмейді. Еліткен бөлік қозуды өткізбегенімен,
қоз ғыштық қасиетін жоғалтпайды. Оған дəлел, жүйкенің еліткен
бө лігін токпен тітіркендіргенде, ет жиырылып жауап береді.
Егер жүйкенің еліткен жəне оның алдындағы сау бөліктері бір
мезгілде тітіркендірілсе, онда ет жауап бермейді, жиырылмайды.
Демек, жоғарыдан келген қозу толқыны жүйкенің еліткен жерінде
туындаған тежелу салдарынан өшіп қалады. Сонымен, парабиоз
дегеніміз əртүрлі сыртқы əсерлерге жауап ретінде туындайтын
қозудың ерекше, ұзақ мерзімдік, толқынсыз орнықты түрі.
Жоғарыда баяндалған жайлар қозу мен тежелу процестері
ұлпаның тітіркендіруге қайтарған əртекті жауабы деген
тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Олардың туындауында
шешуші рөлді лабильділік атқарады. Лабильділік жоғары болса
қозу толқыны еш өзгеріссіз тарайды да, ол төмендесе, тітіркеністің
өткізілуі нашарлап, тежелу процесі пайда болады.
Н. Е. Введенскийдің парабиоз туралы ілімі организмдегі
бір-біріне қарама-қарсы қозу мен тежелу процестерінің арасын-
да тығыз байланыс болатынын ашты жəне бұл екі құбылыстың
орга
низмнің тітіркендіруге қайтаратын жауабының екі түрде
бейнеленуі екенін анықтады. Ол қозғыш ұлпада шектелген, та-
ралмайтын қозу процесі пайда болса, ұлпадағы сандық өзгерістер
сапалық сипатқа ие болып, шектен тыс қозу процесінің тежелу
процесін тудыратынын дəлелдеді. Демек, тежелу дегеніміз –
қозу процесінің дамуындағы белгілі бір саты.
Қозу мен тежелудің
негізі бір, ортақ. Қозу мен тежелу жүйке əрекетінің екі түрде
бейнеленуі.
Достарыңызбен бөлісу: