Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет403/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

532

18-т а р а у 

ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

18.1. Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық сипаты 

жəне қызметі

Кез келген организмнің тіршілік əрекеті қоршаған орта жағ-

дайларына қарай қалыптасады. Ал сыртқы орта жағдайы əркез 

құбылмалы күйде болады. Жүйке жүйесі ішкі жəне сыртқы 

əсерлерді қабылдап, оған жауап беру нəтижесінде организмді 

қор шаған ортаның өзгерген жағдайларына бейімдейді. Соны-

мен қатар, жүйке жүйесі əртүрлі органдардың, ұлпалардың, тор-

шалардың қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, орга низмнің 

біртұтастығын қамтамасыз етеді. Демек, жүйке жүйесі жеке ор-

гандар мен бүкіл организмнің күрделі əрекетін басқарып, түрлі 

физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесі жан-жануарлар мен адамда ұзақ эволюциялық 

даму нəтижесінде пайда болған жəне сыртқы орта құбылыстарының 

əсерінен өзгеріп, күрделеніп отырады. Организм тіршілік ету үшін 

оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын, тұтастығын, жеке 

құрылымдары (торшалары, ұлпалары, органдары) əрекетіндегі 

өзара үйлесімді қамтамасыз ететін ерекше байланыс жүйесінің 

болуы қажет. Осыдан организмнің эволюциялық дамуы барысын-

да оның байланыс жүйесі жетіліп, күрделеніп отырған.

Организмдегі ең көне жəне ең қарапайым байланыс түрі 



“торшадан - торшаға” əсер принципімен қалыптасады. Кез кел-

ген торша сыртқы əсерге зат алмасу қарқынын өзгертумен жау-

ап береді. Одан əрі осы торшада пайда болған алмасу өнімдері 

көрші торшаға əсер етіп, оның əрекетін өзгертеді. Осылай өзара 

тізбекті əсердің салдарынан бүкіл организм торшаларының 

функционалдық күйі өзгереді. Əрине, бұл жағдайда əр торшаның 

əрекетке қосылу шапшаңдығы мен ондағы реакция қарқынының 

əртүрлі болуы заңды нəрсе. Демек, байланыстың бұл түрі 

жетілмеген, қарапайым болып табылады. 

Эволюциялық даму барысында организмнің сыртқы орта 

əсерлеріне бейімделуі нəтижесінде байланыстың басқа түрі – 

гуморальдық реттеу тетігі пайда болады. Бұл жағдайда жеке 

торшалар мен ұлпалардың физиологиялық күйінің өзгеруіне 

байланысты пайда болған алмасу өнімдері ұлпалық сұйыққа, 



533

лимфаға, қанға сіңеді де, осы биологиялық сұйықтар арқылы 

басқа торша мен ұлпалардың қызметіне əсер етеді.

Организмнің сыртқы əсерге бейімделуінің одан əрі жетілуі 

нəтижесінде жүйкелік байланыс механизімі пайда болған. Жүйке 

жүйесі организм реакциясын шапшаңдатады жəне сыртқы орта 

əсерінің нақтылы бір мүшеге, немесе мүшелер жүйесіне тікелей 

бағытталуын қамтамасыз етеді.

Ең алғашқы қарапайым жүйке жүйесі ішек қуыстыларда 

(медуза, актиниялар) пайда болады. Оларда жүйке элементтері 

эпителий астында орналасады да, құрылымы жағынан толық 

жіктелмей, организмде тор құрайды. Гаглийлер (түйіндер) осы 

торда шашыраңқы орналасады. Бұл жүйке жүйесінің диффузия-

лы (шашыраңқы) түрі (183-сурет, 

А).

Эволюциялық қатарда пайда болған жүйке жүйесінің келе-

сі күрделірек түрі - түйінді (ганглийлі) жүйке жүйесі. Ол был-

қылдақ денелілерде, құрттарда, буынаяқтыларда кездеседі. Бұл 

жағдайда жүйке торшалары организмнің ұзына бойында дененің 

жеке сегменттерінде түйін құра орналасады (183-сурет, 



Б), 

Аталған түйіндер бір-бірімен жəне дененің жеке бөліктерімен 

жүйке торшаларының өсінділері - жүйке талшықтары арқылы 

байланысады.

Жүйке жүйесінің ең күрделі, жетілген түрі - түтікті жүйке 

жүйесі  (183-сурет, 

В). Ол омырытқалы жануарлар мен адамға 

тəн. Жүйке жүйесінің бұл түрі жүйке торшаларының арнаулы 

түтікшелердің ішінде шоғырлануы нəтижесінде пайда болады 

да, ол орталық жəне шеткей бөлімдерге айқын бөлінеді. Жүйке 



жүйесінің орталық бөлімін жұлын мен ми құрайды да, шет-

кей бөлігі жүйке торшаларының өсінділерінен пайда болады. 

Аталған жүйке жүйесінің негізін – нейрондар құрайды.

Баяндалған жайлар жүйке жүйесінің құрлымдық эволю-

циясы үш принцип негізінде 

жүргенін көрсетеді. 1. Жүйке 

торшаларының дененің белгілі 

бір бөліктерінде шоғырлануы; 

2. Жүйке жүйесінің алдыңғы 

бөлімдерінің басым дамуы; 3. 

Жүй ке жүйесінің нейрондарға 

бөлінуі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет