Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сурет. Аксон рефлекстің  сызбасы 528



Pdf көрінісі
бет400/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

182-сурет. Аксон рефлекстің 

сызбасы



528

майлардың) реттейтін орталықтар орналасады. Гипоталамус, 

афференттік жəне эфференттік байланыстарының көп болуының 

арқасында, сомалық, вегетативтік жəне эндокриндік қызметтерді 

үйлестіретін құрылым болып есептеледі.

Латеральдық гипоталамус таламус арқылы мидың алдыңғы 

бөлімдерімен жəне ортаңғы мидың сұр затымен, лимбикалық 

жүйемен қос жақты байланыс түзеді. Дененің əртүрлі бөліктері 

мен ішкі ағзалардан орталыққа бағытталған тітіркеністер гипота-

ламуске жұлын–таламустық өрлеу жолымен жетеді. Демек, бұл 

импульстер таламус пен ортаңғы мидың сұр заты арқылы өтеді. 

Ал гипоталамусты сопақша ми мен жұлынның вегетативтік жəне 

сомалық ядроларымен байланыстыратын эфференттік жолдар 

торлы құрылым арқылы жүреді.

Гипоталамустың артқы ядроларын тітіркендіргенде симпа-

тикалық эффект байқалады (көздің қарашығы кеңейіп, жүрек 

соғуы жиілейді, артериялық қысым жоғарылап, ас қорыту ағза-

ларының қимылы бəсеңдейді, қан құрамында қант деңгейі кө-

теріледі). Ал алдыңғы ядроларды тітіркендіргенде ВНЖ-нің 

парасимпатикалық бөлімінің қызметін реттейтін нейрондардың 

қозуымен байланысты қарама-қарсы құбылыстар байқалады. 

Ортаңғы ядроларды тітіркендіргенде немесе зақымдағанда зат 

алмасу процесі бұзылады.

Гипоталамустың медиальдық бөлігі латеральдық бөлікпен 

қос жақты байланыста болады да, мидың бағандық бөліктерінен 

импульстер қабылдап отырады. Гипоталамустың осы бөлігінде 

қан құрамындағы өзгерістерді (температура, осмостық қысым, 

гормон статусының ауытқуларын, т.б.) бақылап отыратын ерек-

ше рецепциялық нейрондар (осморецепторлар, терморецеп-

торлар) орналасады. Гипоталамустың медиальдық бөлігі 

жүй  ке лік жəне гуморальдық тетіктер арқылы нейрогипофиздің – 

аде но гипофиздің қызметін реттеп отырады.

Гипоталамус сопақша мидың тамыр қозғағыш орталықтарымен 

жүйкелік байланыста болады да, жұлынның түйінге дейінгі 

вегетативтік нейрондарымен тікелей жалғасады. Осының арқа-

сында ол қан айналым процесіне сопақша ми арқылы ықпал етіп 

отырады. Организмнің жалпы реакциялары: қимыл, жылуды рет-

теу, қорғаныс əрекеттері, т.б. кезінде қан айналымы, тыныс алу 

көрсеткіштерінің өзгеруінің сыры осында.

Вегетативтік рефлекстерді реттеуде белгілі дəрежеде лим-

бикалық жүйе де қатысады. Бұл жүйе алдыңғы мидың бірнеше 

қыртыстық жəне қыртыс асты құрылымдарынан түзіледі де, онда 




529

ішкі ағзалар қызметін үйлестіретін жоғары деңгейдегі орталық 

орналасады.

Лимбикалық жүйеге таламустың алдыңғы ядролары арқылы 

ми қыртысының сенсорлық, ассоциативтік жəне қозғағыш ай-

мақтарынан импульстер келіп отырады. Сонымен қатар импуль-

стер мұнда мидың иістік бөлігінен, гипоталамустен, ортаңғы 

жəне сопақша мидың вегетативтік ядроларынан да келеді. Ал, 

лимбикалық жүйеден эфференттік импульстер гипоталамус ар-

қылы гипофиз бен шеткі вегетативтік құрылымдарға беріледі. 

Өзінің ми қыртысымен, гипоталамуспен байланыстарының ар-

қасында лимбикалық жүйе вегетативтік қасиет тəн əртүрлі эмо-

цияларды, мінез реакцияларын (қимыл-əрекет, қоректену, қор-

ғаныс) қалыптастыруға қатысады. 

Əртүрлі вегетативтік реакциялар (жүрек жұмысы, тыныс 

алу, ас қорыту, жыныстық қызмет, т.б.) ми қыртысының түрлі 

бөліктерін тітіркендіргенде де байқалады. Ішкі ағзаларды тітір-

кендіргенде ми қыртысының соматосенсорлық аймағында по-

тенциалдар туындайды. Демек, ми қыртысы ішкі ағзалармен 

қос бағытты байланыста болады. Ішкі ағзалар қызметіне шарт-

ты рефлекстердің қалыптасуы да ми қыртысының ішкі органдар 

қызметін реттеуге қатысы болатынының дəлелі. Ми қыртысы 

вегетативтік функциялардың жетік реттелуін, олардың күрделі 

əрекеттерге сəйкестенуін бағалап, бағыттап отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет