17.3. Вегетативтік рефлекстер
Вегетативтік жүйкелердің əсерімен əртүрлі ішкі ағзалардың
(қан айналым, тыныс алу, ас қорыту, бөлу, ішкі секрециялық)
қызметінің өзгеруін вегетативтік рефлекстер деп атайды. Веге-
тативтік рефлекстер белгілі бір ағза мен ұлпадағы зат алмасу
процесінің деңгейін сыртқы орта немесе организм жағдайына
икемдей өзгертіп, организмнің оларға бейімделуін қамтамасыз
етеді. Вегетативтік рефлекстер дененің белгілі бір бөлігінің
тітіркенуінен басталады. Мысалы, каротид аймағын механикалық
жолмен тітіркендіргенде, көз алмасын жайлап басқанда брадикар-
дия (жүрек соғуының сиреуі) байқалады. Вегетативтік рефлекс-
тер түрлі жағдайда организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын
сақтауда маңызды рөл атқарады.
Вегетативтік рефлекстер жолы өте күрделі. Оның құрамына
экстеро- жəне интерорецепторлар, тəндік жəне вегетативтік
афференттік жүйке талшықтары, жұлын түйіндерінде немесе ми
ядроларында орналасқан сезімтал нейрондар, ОНЖ-нің түйінге
дейінгі (аралық) нейрондары, түйіннен соңғы вегетативтік ней-
рондар жəне қозу толқынын атқарушы органдарға жеткізетін
жүйке талшықтары кіреді.
526
Ішкі ағзалар рецепторлары ауырсыну əсерлерін, қысымды,
керілуді, рН ауытқуларын, ішкі ортаның электролиттік құра-
мының өзгерістерін қабылдайды. Олардың афференттік талшық-
тарының бір бөлігі вегетативтік жүйкелердің құрамында болады
да, сомалық жүйкелермен бірге жұлынға енеді. Бұл жағдай
да
олардың нейрондарының денесі жұлындық ганглийлерде ор-
наласады. Ал көкірек жəне құрсақ ағзаларынан орталыққа
бағытталған импульстер негізінен кезеген жүйке арқылы оның
сопақша мидағы ядроларына жіберіледі.
Ауырсыну сезімі ішкі ағзалардың нақтылы бір учаскелеріне
шоғырланбай, дененің басқа бөліктеріне жайыла таралады (жал-
тарма ауырсыну). Бұл ауырсыну əсерін тасымалдайтын аффе-
ренттік талшықтардың симпатикалық жүйкелердің құра
мында
өтуімен байланысты, сондықтан жұлынға ондай импульстер
ағзаның рефлекстік жолынан бірнеше сегмент жоғары енеді.
Организмде орын алатын барлық вегетативтік рефлектерді
былай топтастыруға болады:
1. Экстерорецепторлардан басталып, ішкі ағзалар мен та-
мырларда аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер организм-
де жылу алмасуды, қуаттың алмасуын, қимыл əрекеттерінің
вегетативтік құрамаларын қамтамасыз етеді.
2. Бір интерорецепторлардан басталып, басқа ішкі ағзалар-
да аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер тобына қан тамыр-
ларының рефлекстік аймақтарының тітіркенуінің салдарынан
жүрек қызметінің өзгеруін, қарын мен ішек керілген кезде сіле-
кей бөлудің күшеюін қамтамасыз ететін рефлекстерді жатқызуға
болады.
3. Бір ағзаның интерорецепторының тітіркенуінен басталып,
сол ағзаның өзінде аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер-
ге жүрек қызметі мен тамыр тонусының өздігінен реттелуін,
қуықтың босауын қамтамасыз ететін рефлекстер жатады.
4. Аксон-рефлекстер немесе ОЖЖ қатысуынсыз өтетін реф-
лекстер. Бұл жағдайда рецепторларда пайда болған тітіркеніс
аффренттік талшықтар арқылы түйінге дейін жетеді де, одан
əрі эфференттік симпатикалық немесе парасимпатикалық жолға
ауысады (182-сурет). Мысалы, теріні нəзік сипалау нəтижесінде
оның қан тамырларының кеңеюі.
Жоғарыда көрсетілген вегетативтік рефлекстердің сипаты -
ве
гетативтік жүйке жүйесі қызметінің организмнің қалыпты
жағдайын сақтауда маңызды рөл атқаратынының айғағы. Аштық,
тояттау, шөлдеу түйсіктері, тəбет, əртүрлі эмоция белгілі бір
527
дəрежеде вегетативтік жүйке жү-
йесінің жағдайы мен қызметіне
байланысты қалыптасады.
Организмнің вегетативтік
қыз
меті көп деңгейлі құрылым
арқылы реттелінеді. Ең бас-
тапқы реттеу тетігі ВЖЖ-нің
қабырғалық (интрамуральдық)
түйіндерінде орналасады. Бұл
түйіндер қарапайым, төменгі
деңгейдегі вегетативтік орта-
лықтар қызметін атқарады жəне
оларға белгілі дəрежеде автоматизм қасиеті тəн. Интрамураль-
дық түйіндер осы органның өзімен ғана шектелетін ағзалық
рефлекстерді реттейді.
Аталған жүйенің екінші деңгейіне ағзадан тыс орналасқан
ОЖЖ-нің шеткі түйіндерінің қатысуымен өтетін рефлектерді
жатқызуға болады (мысалы, құрсақтық түйінде, симпатикалық
шекаралық баған түйіндерінде тұйықталатын рефлекстер). Үшінші
деңгейді жұлын мен ми бағанында орналасқан вегетативтік
орталықтардың қатысуымен атқарылатын рефлекстер құрайды.
Ал, организмнің күрделі əрекеттеріндегі вегетативтік жəне со ма-
лық функциялар арасындағы үйлесімділік гипоталамуста, лимби-
ка жүйесінде жəне ми қыртысында орналасқан жоғары деңгейлі
орталықтардың қатысуымен жүреді.
Сопақша мида тыныс жəне жүрек – тамыр жүйесінің не гіз-
гі орталықтары орналасады. Бұл орталықтар афференттік им-
пульстерді экстеро- жəне интерорецепторлардан қабылдайды
немесе тікелей тітіркенеді. Орталықтың кейбір торшалары қан
құрамындағы көмір қышқыл газы мен сутегі иондары кон цен-
трациясының өзгерістерін қабылдап отыратын «орталық“ рецеп-
торлар болып табылады.
Жүрек – тамырлық орталық пен кезеген жүйке ядросы ней-
рондарынан жүрек пен тамырға тонустық əсерлер беріледі. Осы-
ның нəтижесінде артериялар мен артериолалар əркез қы сыңқы
жағдайда болады да, жүрек жұмысы баяулауға бейім келеді.
Сопақша мида жұтыну жəне құсу рефлекстерінің орталықтары
да орналасқан. Олар сілекейдің, қарын мен ұйқы бездері сөлінің,
өттің бөлінуін үдетіп, қарын мен ішек қимылдарын күшейтеді.
Гипоталамуста гомеостазды қамтамасыз ететін, зат алма-
су процесін (су мен тұздардың, көмірсулардың, белоктардың,
Достарыңызбен бөлісу: |