Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүйке жүйесінің нəрлендіруші (трофикалық) қызметі



Pdf көрінісі
бет401/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

17.4. Жүйке жүйесінің нəрлендіруші (трофикалық) қызметі

Жүйке жүйесінің орталық немесе шеткі бөлімі зақымдалса

əркез ұлпаның нəрленуі бұзылады. Оның салдарынан ет семеді, 

түктің өсуі нашарлайды, кілегейлі қабықта, теріде əртүрлі жаралар, 

т.б. ауытқулар байқалады. Осымен байланысты жүйке жүйесінің, 

нəрлендіруші əсері жайлы мағлұматтар біртіндеп жеке органдар 

мен ұлпалардағы зат алмасу қарқынын реттейтін ерекше жүйке 

талшықтары – нəрлендіруші жүйкелер, жайлы ұғымға ұласты. 

Өткен ғасырдың ортасына дейін дəрігерлер мен физиологтар ар-

наулы нəрлендіруші жүйке талшықтары болады деген болжамда 

болды. Дегенмен, ондай жүйкелерді іздеу толық нəтиже бермеді, 

арнаулы нəрлендіруші жүйкелер табылмады. Осымен байланысты 

бірнеше жылдар бойына нəрлендіруші жүйке жайлы қағида ұмыт 

болды. Тек И. П. Павлов зерттеулері нəрлендіруші жүйке жайлы 

идеяны қайта жандандырды. Ол орталықтан тепкіш жүйкелердің 

жүрек жұмысына əсерін зерттей келе, жүрек қызметінің өзге-

34–888



530

рулерінің негізінде жүрек етінің қозғыштық, өткізгіштік жəне 

жиырылғыштық сияқты қасиеттерінің өзгерістері жатады деген 

тұжырымға келді. Ал, жүрек етінің аталған қасиеттері зат алмасу 

процесінің қарқынына байланысты екені ешбір дəлелдеуді қажет 

етпейтін шындық.

И. П. Павлов іліміне сəйкес кез келген органда үш түрлі жүйке 

талшықтары ұшырасады. Олар бірі органға тəн əрекеттерді, 

екіншісі - қан тамырларының физиологиялық күйін (қоректік 

заттардың жеткізілуін), ал үшіншісі - нəрлену процесін рет-

теп отырады. Орган тиісті қызметін дұрыс атқару үшін қажетті 

мөлшерде қоректік заттармен қамтамасыз етіліп қана қоймай, 

органға жеткізілген сол заттар орынды, тиімді пайдаланы-

лып, ағза дұрыс қоректену керек. Бұл процесс жүйке жүйесінің 

нəрлендіруші қызметінің арқасында атқарылады.

И. П. Павлов идеялары Л. А. Орбели мен оның шəкірттерінің 

еңбектерінде əрі қарай дамуын тапты. XX ғасырдың 20-шы 

жыл дарына дейін қаңқа еттері вегетативтік жүйкелермен 

жаб 

 

 



дықталмайды деген көзқарас қалыптасқан болатын. Ал 

Л. А. Орбели қаңқа еттерінің симпатикалық талшықтармен 

жүйке ленетінін анықтап, олардың да қос жақты бақылауды бола-

ты нын дəлелдеді. Оның зерттеулеріне сəйкес қаңқа еттері тек со-

ма лық жүйкелермен ғана емес, симпатикалық жүйкелермен де 

жаб дықталады. 

Симпатикалық жүйкелер ет талшықтарының əрекетіне тікелей 

əсер етпейді, бірақ олардың функционалдық күйін өзгертеді. 

Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде еттің жиырылу күші 

артып, тіпті, қажыған ет талшықтарының да жұмыс қабілеті 

жоғарылайды. Бұлшық етке келетін симпатикалық жүйкелерді 

тітіркендіргенде ет талшықтарының серпімділік қасиеті артып, 

ондағы қуат көзінің (аденозинүшфосфор қышқылы, креатин-

фосфат, гликоген) қоры көбейеді, ол оттегіні мол сіңіре бастай-

ды. Бұл құбылыстардың негізінде симпатикалық жүйкелердің 

нəрлендіруші əсері жатады. Сипатикалық жүйке орталық жүй-

ке жүйесінің функционалдық күйін де өзгертеді. Оны тітір кен-

діргенде жұлынның рефлекстік қызметі күшейеді, ал сим 

па-

тикалық шекаралық баған түйіндерін алып тастағаннан соң 



И. М. Сеченов тежелуі байқалмайды. Симпатикалық жүйкелердің 

əсері мен зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін ферменттердің 

белсенділігі артады.

Жоғарыда баяндалған фактілердің негізінде Л. А. Орбе-

ли симпатикалық жүйке жүйесінің бейімдеу – нəрлендіру əсері 



531

жайлы ілімнің негізін салды. Бұл ілімнің негізгі қағидалары 

организмнің барлық ұлпалары мен мүшелеріне, соның ішінде 

орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріне, ми жарты шарла-

ры қыртысына да тəн. Жүйке жүйесінің бейімдеу əсері ағзаның 

қозғыштық қасиетін жоғарылату, не төмендету арқылы жүреді 

жəне бұл процесс симпатикалық жүйке жүйесінің органдағы 

зат алмасу процесінің қарқынын өзгертуі (нəрлендіруші əсер) 

арқылы атқарылады. Нəрлендіру нəтижесінде функционалдық 

жүйкелердің əрекеті үшін қажет қолайлы жағдайлар туғызылады.

Зерттеулер нəрлендіруші жəне функционалдық жүйкелерді 

бір-бірінен айқын шектеуге болмайтынын байқатты. Қозғағыш 

жүйкелер де белгілі мөлшерде нəрлендіруші əсер көрсетеді. Олар 

қиылса немесе зақымданса бұлшық еттегі зат алмасу процесі 

бұзылып, оның құрылымы өзгереді, ауқымы кішірейеді.

Нəрлендіруші əсер сезімтал жүйкелерге де тəн. А. Д. Спе-

ранский тəжірибелерінде жұлынның дорсальдық түбіршіктеріне 

келетін жүйкелерді қиып тастағанда немесе олар зақымданғанда 

теріні жара басып, дененің бас жəне аяқ бөліктерінің нəрленуінде 

ауытқулар байқалған. Демек, нəрлендіруші əсер организмнің 

бүкіл жүйке жүйесіне тəн ортақ қасиет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет