536
Глиялық торшалар төрт топқа бөлінеді: ми мен жұлында орна-
ласатын астроциттер, олигодендроциттер жəне микроглия мен
шеткі жүйкелерде орын тебетін жүйкеқап (шванн) торшалары
(185-сурет).
Бұл торшалар сау, зақымдалмаған мида сирек кездеседі де,
олардың саны ми ұлпасы жарақаттанғанда күрт өседі.
Нейрондар атқаратын қызметіне қа
рай үш топқа бөлінеді.
Олардың бір то бы тітіркеністі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізеді.
Бұл сезімтал, афферентік немесе сенсорлық нейрондар (186-су-
рет). Олардың тітіркеністі өткізетін ұзын өсінділерін орталыққа
тепкіш жүйке тал шықтары дейді.
Нейрондардың екінші
тобы қозуды ОЖЖ-нен тор-
ша
ларға,
ұлпаларға, ор
ган-
дарға жеткізеді. Оларды
эф фе рент тік немесе
қозға-
ғыш нейрондар деп атайды.
186-сурет. Нейрон түрлері:
А - се-
зімтал, Ə
- аралық, Б - қозғалтқыш
нейрондар. 1 - дендриттер, 2 - нейрон
тұлғасы, 3 - аксон
Олардың шеткей жүйке құра мына кіретін ұзын өсінділері орта
лық тан тепкіш жүйке тал шықтары деп аталады.
Нейрондардың үшінші тобына сезімтал жəне қозғағыш ней-
рондарды бір-бірімен жалғастыратын аралық немесе жалғаушы
нейрондар жатады. Жалғаушы нейрондар тек ОЖЖ-сі аумағында
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: