18.4. Орталық жүйке жүйесі қызметінің рефлекстік сипаты
Орталық жүйке жүйесінің қызметі рефлекс түрінде атқары-
лады. Тітіркендіргіш əсерін алдымен сезімтал жүйке ұштары - ре-
цепторлар қабылдайды. Сыртқы не ішкі түрткі əсерімен бел сен-
ді күйге келген орталық жүйке жүйесі қозу толқынын нақ ты лы
бір құрылымға бағыттап, оның қызметіне ықпал етеді. Соны-
мен, əртүрлі сыртқы не ішкі əсер орталық жүйке жүйесі арқылы
организмнің əрекетін өзгертіп отырады.
Рефлекс деген латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда “қайтарым”
деген мағына береді. Алғаш рет жүйке жүйесі əрекетінің қай-
тарымды принципі жайлы тұжырымды Француз ғалымы Р. Де-
кард көтерген. Ал “рефлекс” деген терминді жүйке жүйесі физио-
логиясына чех ғалымы Я. Прохаска енгізген.
Биологиялық тұрғыдан рефлекс деп организмнің əртүрлі ішкі
немесе сыртқы əсерлерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен
беретін жауабын айтады. Ал рефлексті қамтамасыз ететін анато-
миялық жолды рефлекс доғасы (жолы) дейді. Рефлекс доғасы
жүйке жүйесінің функционалдық негізі болып саналады.
Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецеп тор-
лардың тітіркенуінен басталады. Дененің нақтылы рефлекс ту-
дыратын аймағын рефлексогенді аймақ немесе рецептивтік өріс
деп атайды.
Рефлекс доғасы қарапайым, екі нейронды жалғыз синапсты
жəне күрделі көп нейронды, бірнеше синапсты болып бөлінеді.
Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық
нейрондар санымен байланысты. Ең қарапайым доға бес буыннан
540
тұрады. Олар: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке, жүйке
орталығы, орталықтан тепкіш жүйке жəне атқарушы орган -
эффектор. Демек, орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі ре-
цепторлар мен эффекторлар арасын шапшаң жəне нəтижелі түрде
байланыстыру, сыртқы орта мен организмнің жауап реакциясы
арасындағы үйлесімді қалыптастыру. Кез келген рефлекс дұрыс
атқарылу үшін рефлекс доғасының тұтастығы қажет. Рефлекс
доғасының тұтастығы бұзылса, рефлекс атқарылмайды.
Орталық жүйке жүйесі əрекетінің рефлекстік принципі ту-
ралы ұғым XІX ғасыр мен XX ғасырдың басында туындаған.
Əлемдік физиология классиктері негізін қалаған рефлекстік
теорияның басты қағидалары əлі күнге дейін мызғымай сақталып,
табиғаттың объективті заңдылығын түсіндіруде маңызды рөл
атқаруда. Бірақ функциялардың рефлекстік жолмен реттелуін
қамтамасыз ететін рефлекс доғасы жайлы түсінік кейінгі кезде
айтарлықтай толықтырылды. Соңғы жылдары организм функци-
яларын жүйкемен реттеу қайтарымды байланыс тетігі арқылы сол
функцияны қамтамасыз ететін құрылымдар қызметін бақылау,
үйлестіру жəне түзету нəтижесінде жүзеге асатыны дəлелденді.
Кез келген ұлпаның, органның, функционалдық жүйенің қызметі
осы құрылымдардан орталық жүйке жүйесіне бағытталатын
афференттік импульстердің көзі болады. Дəл осы қайтарымды
афференттік импульстер жүйке орталықтарынан эффекторларға
бағыталатын жаңа импульстер легін тудырады. Орталық пен
атқарушы орган арасындағы осындай өзара əсерлі байланыс
эффектор əрекеті тітіркендіргіш сипатына сəйкестенгенге дейін
жалғаса береді.
Сонымен, рефлекс атқарушы органның тітіркеніске қайтарған
жауабымен шектелмейді. Тітіркеніске жауап берілгеннен соң
атқарушы органнан ОЖЖ-не афференттік сигналдар - қайтарымды
импульстер жіберіледі. Осы импульстер арқылы ОЖЖ-сі ағза
əрекетін бағалап, реттеп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіп
отырады. Осымен байланысты рефлекске сақиналық сипат тəн
деген тұжырым пайда болып, рефлекс доғасы деген термин реф-
лекс сақинасы деген ұғыммен алмастырылды ( 188-сурет).
Рефлекс сақинасы рефлекс доғасынан қосымша буындары-
мен ерекшеленеді. Рефлекс сақинасы мүшенің проприорецепто-
рынан тітіркеністің қозғағыш жүйке орталығына қайта оралуын
қаматамасыз ететін қосымша афференттік жəне аралық нейрон-
дар жүйесінен құралады.
Жүйке жүйесі əрекетінің сақиналы сипаты жайлы ілім жеке
органдардың жүйкелену ерекшеліктерінің жəне ОЖЖ қызметінің
541
өздігінен реттелу құпияларын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Қазіргі физиологиялық мағлұматтарға сəйкес ОЖЖ-нен келген
импульстер əсерінен туындаған атқарушы орган əрекетінен сол
эффектордың өзінде орналасқан рецепторлар тітіркенеді. Осының
салдарынан эффектордан кері бағытталған афференттік импульс
əсерінен осы эффектор əрекетін реттейтін орталық қайта қозады.
Бірақ мұнымен кері афферентік əсердің қызметі шектелмейді.
Қазіргі кезде проприорецепторлардың орталықтан тепкіш жүйке
құрамына енетін арнаулы гамма-талшықтармен жүйкеленетіні
анықталды. Қайтарымды афференттік импульстердің əсерімен
қозған гамма-талшықтар проприорецепторлардың қозу деңгейіне
əсер етеді. Сондықтан эффектор əрекеті гамма-талшықтар ар-
қылы рефлекс сақинасының проприорецепциялық буынның
белсенділігін реттеп, қосарланған сақиналы жүйкелену принципі
негізінде органның əрекетін нақыштайды, оның мақсаттылығын
қамтамасыз етеді.
ОЖЖ қызметінің сақиналы сипатпен өздігінен реттелуінде
Реншоу торшалары да маңызды рөл атқарады. Реншоу торша-
лары мен қозғағыш нейрондар арасында сақиналы қайтарымды
байланыс болады. Аралық нейрондардың синапстық байланысы
арқылы қозғағыш нейрондар қозғанда оларда табалдырықтан
жоғары импульстер разряды туындайды. Осы импульстер аксон
бойымен таралып, бүйір тармақтар (коллатеральдар) арқылы Рен-
шоу торшаларын қоздырады. Ал, Реншоу торшалары қозғағыш
нейрондар қызметін өзгертеді. Кейбір нейрондар өздерінің бүйір
өсінділері арқылы импульстерді өзінің сома-дендриттік аймағына
тікелей бағыттауы да мүмкін. Сонымен, эффектор əрекеті бір
жағынан ОЖЖ əсерінің нəтижесі болса, екінші жағынан сол
рефлексті қамтамасыз ететін нейрондар қызметін реттеуші фак-
тор болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |