денесімен немесе өсінділерімен жалғасқан жерін айтады. Бір
аксоаксолық болып бөлінеді. Егер аксон басқа жүйке торшасының
бөлінеді. Олардың əрқайсысына біраз құрылымдық ерекшеліктер
келеді. Олардың синапстық саңылауы кеңірек (300 Å шамасында),
537
постсинапстық мембранасы қа -
лың жəне тығыз болды. Си-
напс саңылауында табақшалар
түрінде бос жатқан арнаулы
қосындылар кездесіп қалады.
Медиаторлар көпіршіктері ірі,
дөңгелек пішіндес келеді. Те-
жеуші синапстардың саңы-
лауы қоздырғыш синапс
саңы
лауынан 1,5-2 есе кем,
постсинапстық мембранасы
жұ
қа, медиаторлар көпір
шік-
тері майда, сопақша келеді де,
синапстық саңылауда қосындылар болмайды.
Қоздырғыш жəне тежеуші синапстар медиаторларының сипа-
тымен ерекшеленеді. Қоздырғыш синапстар қозу толқынын аце-
тилхолин медиаторын бөлу арқылы таратады. Ацетилхолиннің
артық мөлшері холинэстераза ферментінің əсерімен шапшаң
бұзылып отырады. Орталық жүйке жүйесінде холинэргиялық
синапстар өте кең тараған, олар жұлында, торлы құрылымда,
мишықта, қыртыс асты түйіндерде, үлкен ми жарты шарларында
кездеседі.
Орталық жүйке жүйесінде қоздырғыш медиаторлар қатарына
глутамин жəне аспарагин қышқылдары (глутамат жəне аспартат)
жатады.
Синапстық саңлаудан бұл аталған медиаторларды жүйке жəне
глиялы торшалар сіңіріп алып отырады.
Қоздырғыш медиатор постсинапстық мембрананы үйексіздеп,
оның натрий, калий, хлор иондарына өтімділігін арттырады да,
қоздырғыш постсинапстық потенциал (ҚПСП) тудырады.
Тежеуші синапстар өз қызметін гамма-аминді май қышқылын
(ГАМК) жəне
глицинді бөлу арқылы атқарады.
ГАМК əрі пост-
синапстық, əрі пресинапстық тежелуді тудыратын медиатор.
Ол жұлын нейрондарында да, ми нейрондарында да табылған.
Оның тежеуші əсері үлкен ми жартышарлары, ми бағаны тор-
шаларында, жұлынның қозғағыш нейрондарында байқалған.
Ал, глицин тек жұлын торшаларының медиаторы болып санала-
ды. Ол Реншоудың тежеуші нейрондары орналасқан аймақтарда
көп кездеседі. Аталған екі медиаторды да синапстық саңылаудан
жүйке жəне глиялы торшалар сіңіріп алып отырады.
Тежеуші медиаторлар постсинапстық мембрананы гипер-
Достарыңызбен бөлісу: