Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сурет. Жүйке импульсінің  тұйықталған нейрондар тізбегінде  айналуы  551



Pdf көрінісі
бет417/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

196-сурет. Жүйке импульсінің 

тұйықталған нейрондар тізбегінде 

айналуы 



551

негізінде күшті қозған орталықтың 

басқа орталықтардан өзіне қозу 

толқынын тартатын жəне бас-

қа орталықтардың қызметін те-

жеп тастайтын қабілеті жатады 

(197-сурет). Сондықтан организм 

үшін биологиялық мəні зор тітір-

кендіргіштің əсерімен орталық 

жүйке жүйесінде пайда болған до-

минантты қозу ошағы өзінің қозу 

деңгейін осы мезгілде əсер ететін 

басқа тітіркендіргіштер əсерінен 

арттыра түседі де, олар тудыратын 

қозуды, жауап реак цияларды тежеп 

тастайды. Осының нəтижесінде 

организм биологиялық мəні зор тітіркендіргішке байланысты 

маңызды əрекетті ғана атқарады.

Доминантты қозу орталықтарына бірнеше физиологиялық 

ерек шеліктер:  зор қозғыштық, қозу импульстерін жинақтау, 



қозу толқынының ұзақ сақталуы жəне инерттік тəн болады.

Тонус. Жүйке орталықтары əркез əлсіз қозу жағдайында бола-

ды. Тіпті, организмнің тыныш күйінде, ешқандай рефлекс атқа-

рыл маған сəттердің өзінде, жүйке орталықтарынан импульстер 

тарап отырады да, қаңқа еттері тонус - əлсіз ширығу жағдайында 

болады. Жүйке орталықтарының тонусы рецепторлардан келетін 

импульстер мен гуморальды заттардың əсерімен байланысты.



Қарқынды зат алмасу. Жүйке орталықтарында зат алмасу 

процесі қарқынды жүреді. Жүйке торшаларының əрекеті кезінде 

зат алмасу процесі күшейе түседі. Рефлекстерді атқару барысын-

да жұлындағы зат алмасу қарқыны 3-4 мəрте өседі де, ол оттегіні 

тыныштық күймен салыстырғанда, 3-4 есе көп сіңіреді, глюкоза-

ны көп шығындап, көмір қышқыл газын мол бөледі.



Шапшаң қажығыштық. Жүйке орталықтарына қажығыштық 

қасиет тəн. Ол зат алмасу процесінің қарқындылығымен байла-

нысты. Орталық жүйке жүйесіндегі қажу процесі ең алдымен

нейронаралық синапстардан қозу процесінің өтуінің нашарлауы-

мен байланысты. Қажу процесі аксон ұшында медиаторлардың 

күрт азаюы, постсинапстық мембрананың медиаторға сезімтал-

дығының төмендеуі, торшалардағы энергия қорының кемуі сал-

дарынан туындайды. Оған қанда алмасу өнімдерінің жинақталуы, 

көмір қышқыл газдың көбеюі, оттегі тапшылығы да себепкер бо-

лады.


197-сурет. Басымдылық фено-

мені: 


А – доминантты орталық, 

Ə – доминантты орталықпен ре-

ципрокты байланыстағы қозу кү-

йіндегі орталықтар, Б – қосалқы 

тітір кендіргіштер, В – доминантты 

орталық қамтамасыз ететін əре-

кеттер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет