А – ауқымды жинақтау. а – қо-
(əре кет потенциалының туындауы). Ə-тізбекті
жинақтау. а – дара тітіркендіру, ə-қосарланған
549
бастапқы қозған аймақтың электротонустық (мысқалдап активте-
ну) қасиетімен байланысты деген де пікірлер бар.
Сопақтану феномені орталық жүйке жүйесінің біртұтас
ты-
ғының, оның қызметіндегі жүйеліліктің негізі болып саналады.
Бұл қасиет - орталық жүйке жүйесінің əртүрлі бөлімдерінің өзара
ауқымдық байланысын қамтамасыз ететін механизм. Орталық
жүйке жүйесінде қозудың туа пайда болған, шектелген рефлекс
доғасынан тысқары шығуы жүйке орталығының осы қасиетімен
байланысты. Демек, соқпақтану феномені шартты рефлекстік
қызметтің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Икемділік. Эволюциялық даму кезінде қалыптасқан рефлекс-
тер жануарлардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне
мүмкіндік береді. Барлық рефлекстік реакциялар биологиялық
тұрғыдан өзінің мақсаттылығымен, мағыналылығымен ерекше-
ленеді. Бірақ бұл қағидадан жүйке орталықтарының қызметі
еш қашан өзгермейді деген ұғым тумау керек. Егер жүйке ор-
талығымен байланысқан атқарушы мүшенің сипаты өзгерсе,
онда жүйке орталығы да өз қызметінің мəнін өзгертеді. Демек,
оған икемділік қасиет тəн. Бұл орталық жүйке жүйесінің əртүрлі
бөлімдерінің құрылымдық принципі мен əрекет механизмінің
негізі ортақ екенінің дəлелі.
Соңғы жылдары экспериментальдық физиология мен ме-
дицина саласында жүйке орталықтарының икемділік қасиеті,
орталық жүйке жүйесінің əртүрлі бөлімдерінің бірінің қызметін
бірі толықтырып, демеп отыратын қабілетінің болатыны жай-
лы көптеген нақтылы деректер жинақталды. Мысал ретінде
П. К. Анохин зертханасының тəжірибелерін келтіруге болады.
Тəжірибеде қызметі əртүрлі екі жүйкенің қиылған ұштары: көк
еттік жүйкенің орталық бөлігі иықтық жүйкенің ұшымен, ал
иықтық жүйкенің орталық бөлігі көк еттік жүйке ұшымен ал-
мастырып жалғастырылған. Көк еттік жүйке аяққа бітісе өсіп
болғанға дейін, осы аяқ тыныс алу ырғағына қарай бүгіліп, жа-
зылып отырған. Демек, аяқтың қимылы тыныс алуды реттейтін
орталықтың физиологиялық күйіне байланысты болған. Жүй-
ке өсіп біткен соң жоғарыда айтылған құбылыстар жойылып,
аяқ өзінің үйреншікті, қалыпты қызметін атқара бастаған. Бұл
атқарушы мүшеден келген импульстердің əсерімен жүйке орта-
лығы қызметінің икемделе өзгергенінің дəлелі.
Э. А. Астратян зерттеулеріне қарағанда, жүйке орталықтары-
ның икемділік қызметі үлкен ми жарты шарларының реттеуші
əсерінің ықпалымен атқарылады. Егер операциядан кейін ор-
талықтың икемділігі байқала бастаған кезде иттің үлкен ми жар-
550
ты шарларын сылып тастаса, қалыптаса бастаған өзгерістер тиы-
лып қалады.
Инерттілік. Жүйке орталығына өткен қозудың ізін сақтап
қалу қасиеті тəн. И. П. Павловтың пікіріне сəйкес инерттілік
жүй
ке жүйесінің жоғары бөлімдерінде жақсырақ байқалады.
“Егер жүйке торшаларының инерттілігі болмаса, бізде ешқандай
ес, ешқандай əдет, дағды болмаған болар еді“, - деп жазған
И. П. Павлов.
Жүйке импульсінің тұйықталған нейрондар тізбегінде ай-
налуы. Жүйке орталығында қозудың таралуының ерекшелігінің
бірі - оның сақиналы сипатпен таралуы. Қозған нейроннан им-
пульстер басқа нейрондарға тарап қана қоймай, оның аксонының
бүйір өсінділері арқылы сол нейронның өзіне қайтып оралып,
орталықты ұзақ уақыт қозу жағдайында ұстайды (196-сурет). Бұл
орталықта қозу процесі белгілі бір синапс қажығанға дейін неме-
се нейронда тежелу процесі туындағанша айналып жүре береді
деген сөз.
Басымдылық (Доминанта).
Басымдылық деп белгілі бір
жүй ке орталығының күшті қозу
нəтижесінде уақытша үс
темдік
алуын айтады. Ор
талық жүйке
жүйесіне доминанта принци-
пінің тəн екенін орыс ғалымы
А. А. Ухтомский 1923 жылы аш-
қан. Жүйке орта лықтарының бұл
қасиеті ор
талық жүйке жү
йесі
қызметіне тəн үйле сімділік құбылысының сырын түсіндіреді.
Орталық жүйке жүйесі қыз
метінің үйлесімді сипатын не-
гіз дегенде түсіндіруге қиын сұ рақтың бірі - организмге əртекті
тітіркенгіштер үздіксіз əсер еткен жағдайдың өзінде мақсатты
əрекеттің атқарылу механизмі. Шынында да əртекті тітіркенгіштер
орталық жүйке жүйесінде көптеген қозу жəне тежелу ошақтарын
тудырады. Осы жағдайда орталық жүйке жүйесінің мақсатты
қызметі қалай атқарылады?
Осы сұраққа А. А. Ухтомскийдің басымдылық туралы ілімі
негізінде жауап алуға болады. Бұл ілімге сəйкес кез келген тіршілік
сəтінде орталық жүйке жүйесінде бір күшті қозған, доминантты
орталық болады. Ол дəл осы мезетте өзіне бүкіл орталық жүйке
жүйесінің қызметін бағындырады да, организмнің əрекетін,
сыртқы əсерлерге жауап реакциясының сипатын анық тайды.
Жүйке орталықтарының ба
сым
дылық қасиетінің механизмі
Достарыңызбен бөлісу: