көрсетеді. Олардың біріншісі (
сезімтал жүйке əрекетімен байланысты туындайды. Осы екін-
545
таралуына кеткен уақытты алып тастап, синапс арқылы қозудың
таралу мерзімін есептеп шығаруға болады.
Синапстық бөгелу мерзімі тітіркендіргіш күшіне, рефлекс
доғасының күрделілігіне, организмнің физиологиялық күйіне бай-
ланысты. Тітіркендіргіш күші артса, рефлекс уақыты қысқарады,
ОЖЖ-сі қажыса, ол ұзарады.
Қозудың жайылуы. Орталық жүйке жүйесінде қозу толқыны
бір орталықтан екінші орталыққа беріліп, оның көптеген бөлігін
қамти жайылады. Оның себебі бір нейрон аксоны тармақтана
келіп, көптеген нейрондармен эфапстық (үзілмей) немесе си-
напстық жолмен жалғасады. Келесі нейрон да өз кезегінде дəл
осылай бірнеше нейрондармен байланысады. Осының нəти-
жесінде ОЖЖ-не келген импульс əртүрлі бағытта көптеген
жүйке орталықтарына таралады. Егер бақаның аяғына əлсіз
тітіркенгішпен əсер етсе, оның осы аяғы ғана жиырылып, жа-
уап қайтарылады. Ал енді осы аяққа күшті индукциялық токпен
əсер етсек, бақаның бүкіл денесі қозғалады, жалпылама жауап
байқалады. Демек, тітіркендіру күші артқан кезде қозу толқыны
көптеген нейрондарға жайылып, бірнеше атқарушы органдар іске
қосылады.
Конвергенция (тоғысу). Орталық жүйке жүйесінде афферент-
тік жолдар эфференттік жолдардан 4-5 есе көп. Сол себепті əртүрлі
афференттік талшықтармен қабылданған импульстер белгілі бір
аралық немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы мүмкін (190-су-
рет, А). Бұл құбылысты конвергенция деп атайды (латынша
соnvеrgere - жақындаймын, түйісемін деген мағына береді).
Дивергенция (ажырау). Орталық жүйке жүйесіне бір нейрон
арқылы жеткен импульс бірнеше нейрондарға, тіпті, мидың əр-
түрлі бөлімдеріне таралуы мүмкін (191-сурет, Б). Бұл құбылысты
дивергенция деп атайды (латынша dіvergere - алшақтаймын, ажы-
раймын деген мағына береді).
Жеңілдету. Əрбір тітірке
ну-
ден кейін жүйке орталығының
қозғыштығы жоғарылайды. Егер
орталық жүйке жүйесіне екі им-
пульс тіркес əсер етсе, олар ту-
дыратын əрекет əрбір импульс
жеке тудыратын əрекеттер қосын-
дысынан əлдеқайда күшті болады.
Импульстердің бірінші легі
келесі импульстер əсерін жеңіл-
детеді (192-сурет).
191-сурет. Конвергенция (А) жəне
дивергенция (Ə) сызбасы
35–888
546
Окклюзия (кептелу). Рефлектің əлсіреуімен сипатталатын екі
импульс ағынының өзара əрекеттестігі. Іргелес орналасқан екі
сезімтал жүйкені бір мезгілде тітіркендіргенде жауап реакция-
ның күші оларды жеке-жеке тітіркендіргендегі жауаптың қо-
сындысынан кем болады. Бұл құбылыстың себебі өзара байланы-
сы бар рефлекстерді қамтамасыз ететін афференттік жолдардың
синапстық алаңдарының қамтыла жабылуында.
Екі сезімтал жүйке (А жəне Б) қатар тітіркенгенде бір мезгіл-
де 6 нейрон қозады (екі нейрон ортақ жолды құрайды), ал осы
жүйкелерді жеке-жеке тітіркендіргенде төрт-төрттен 8 нейрон
қозады (193-сурет).
Қозғыштықтың салыстырмалы тө мен дігі. Жүйке орталық-
тарының жүйке талшықтарымен, əсіресе, сезімтал жүйке ұш-
та
рымен, салыстырғанда қозғыштық қа
-
сиеті төмендеу. Бұл қасиет орталық жүйке
жүйесінің биологиялық мəнімен түсін-
діріледі. Тітіркендіргіш əсерін қа был дау
орталық жүйке жүйесіне тəн мін
дет емес.
Орталық жүйке жүйесінің орга
низм
де ор-
наласу жағдайы, оның «шет аймақтардан
ығыстырылуы» жəне күр
делі қозғағыш
құрылымға айналуы осының дəлелі. Ор-
талық жүйке жүйесі қозғыштығының тө-
мендеуі оны эволюциялық даму барысын-
да сыртқы за
қымдаушы əсерден сақтау
мақсатында қалыптасқан қасиет.
Төмен құбылмалылық (нашар лабиль ділік). Жүйке орталық-
тарының қозу им пульс терін туындату мүмкіндігі қозғағыш жəне
сезімтал жүй
келердің оларды өткізіп үлгеретін мүмкіндігінен
əлдеқайда кем болады. Осымен байланысты, біріншіден, жүйке
орталықтарында қандай бір ырғақта болмасын туындаған қозу
орталықтан тепкіш жүйкелер арқылы өтіп үлгереді, еш кемі-
тілмей атқарушы органдарға жеткізіледі, оларға жауап алына-
ды. Екіншіден, лабиль ділігі жоғары сезімтал жүйкелер кез кел-
ген ырғақта пайда болған тітіркеністерді жүйке орталықтарына
192-сурет. Жеңілдету феномені:
А – аяқты бүгу рефлексі, Ə – тері рецеп-
торын тітіркендіру белгілері, Б - уақыт
белгісі. 1 - əлсіз тітіркендіру, 2 - күшті
тітіркендіру
Достарыңызбен бөлісу: