Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет437/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   542
211-сурет. Қозғағыш жүйенің негізгі байланыс-

тарының сыз 

басы: 

1 - қозғағыш аймақ; 2 - құй-



рықты ядро; 3 - қауыз; 4 - боз ғылт шар; 5 - бадамша 

ядро; 6-таламус; 7 - торлы құ ры лым; 8 - қызыл ядро; 

9 - қара төсе мік; 10 - кертпеш ядро; 11 - пира мидылық 

жол қиылысы; 12 - латеральдық жол; 13 - жұлын; 

14 - вентральдық мүйіз 

212-сурет. Децеребрацияланған жануар-

дың кейіптену рефлексі: 

1 - деце ре брациялық 

сірес 


пе; 2,3,4 - Магнус зерттеген мойынның 

тонустық рефлекстері 

37–888



578

Мойын қалпын сақтау рефлекстерінің эффекторлық бөлігі тек 

аяқ еттерін ғана емес, көз еттерін де қамтиды. Осымен байла-

нысты бастың кейпі бұзылған кезде көз алмасының да жағдайы 

өзгереді, ол бас қисайған жаққа кері бағытта қозғалады да, көру 

бағдары өзгермейді.

Табиғи жағдайда мойынның тонустық рефлекстері мен вес-

ти 


булалық рефлекстер тығыз байланыста болады. Вестибула-

лық рефлекстер негізінен ішкі құлақ сағасының жарғақты лаби-

ринтіндегі рецепторлардың қозуынан туындайды да, организмнің 

кеңістіктегі күйіне қарай дене кейпі мен тепе-теңдігін сақтауды 

қамтамасыз етеді.

Тұлға түзеу рефлекстері - жануар денесінің рабайсыз қа-

лыптан өзінің табиғи кейпіне келуін қамтамасыз ететін рефлекс-

тер. Мысалы, мысықты жерден көтеріп, арқасын төмен қаратып 

тастап жіберсек, ол өз денесінің осімен айналып, жерге төрт 

аяғымен тік түседі. Оның денесі айналғанда бірнеше тізбекті 

қимыл-əрекет байқалады. Алдымен вестибулалық тұлға түзеу 

рефлексінің əсерімен мысықтың басы қалыпты күйіне оралып, 

түзетіледі: тұмысығы жерге, шүйдесі жоғары қарай бағытталады. 

Осыдан соң бастың кейпімен байланысты мойынның дене қалпын 

сақтау рефлекстері іске қосылады да, оның денесі осінде айна-

лып, тұлғасы қалпына келеді.

Сонымен, табиғи жағдайда вестибулалық тұлға түзеу рефлекс-

тері мойындық рефлекстермен толықтырылып отырады жəне 

оларды атқаруда маңызды рөлді бастың кейпі атқарады.

Егер мидың жоғарғы бөлімдері мен сопақша ми арасын тіліп 

қойса, тұлға түзеу рефлекстері атқарылмайды. Мұндай жануар-

ларды шалқасынан жатқызып қойса, ол өз бетімен аударылып, 

аяғына тұра алмайды. Ал миды ортаңғы мидың алдынан тілсе, 

онда тұлға түзеу рефлекстері сақталады. Бұл осы рефлекстер 

орталығының ортаңғы мида орналасқанының дəлелі.



Кейіптену рефлексі екі сатыда атқарылады. Оның біріншісі са-

тысында дененің кеңістіктегі жағдайына қарамай бас түзетіледі, 

ал екінші сатыда дененің тұлғасы жөнге келтіріледі.

Кеңістіктегі бастың кейпін түзеу қимылдары екі түрлі 

рефлекстік өрістен тараған импульстердің əсерімен атқарылады, 

демек, олар - екі түрлі рефлекстер жиынтығы. Мысалы, ортаңғы 

миы сақталған жануарды бүйіріне жатқызып қойса, ол басын 

көтеріп, оны табиғи кейпінде - шүйдесін жоғары қаратып ұстайды. 

Бұл рефлекс вестибулалық аппарат рецепторларының тітіркенуі 

нəтижесінде атқарылады. Вестибулалық мүшені зақымдаса, бұл 




579

рефлекс жойылады да, жануар басын дұрыс ұстау қабілетінен 

айрылады. Аталған рефлексті басты түзеудің вестибулалық 

рефлексі деп атайды.

Егер лабиринті қос жақты зақымдалып, басын дұрыс қалпына 

ұстай алмайтын жануарды қатты заттың, мəселен, еденнің, 

үстелдің үстіне жатқызса, онда терінің қатты заттың беткеймен 

жанасуының салдарынан рефлекс туындап, жануар басының 

қалпын түзетеді, басты көтеріп, оған қалыпты кейіп беру-

ге мүмкіндік алады. Бұл рефлексті басты түзетудің терілік 

рефлексі деп атайды. Аталған рефлекс тұлға терісінің симметрия-

лы тітіркенбеуінің салдарынан туындайды. Егер осы тəжірибедегі 

жануар денесінің жоғары қараған беткейіне тақтай қойып, оны 

қыса басса, онда баяндалып отырған рефлекс тиылады да, мал 

басын көтере алмай қалады.

Сонымен, бастың кеңістіктегі қалпын ұстауды қамтамасыз 

ететін рефлекстер вестибулалық аппарат пен тұлға терісінде 

орналасқан рецепторлардың тітіркенуі нəтижесінде атқарылады.

Кейіптену рефлексінің екінші сатысы - дене тұлғасын түзету 

рефлекстері, мойын бұлшық еттері мен буын байламдарының про-

приорецепторлары жəне тұлға терісі рецепторларының тітіркенуі 

нəтижесінде атқарылады.

Бастың кейпі қалпына келтіріліп, дене бір бүйіріне жатқан 

күйінде қалса, алдымен мойын бұрылады. Осының нəтижесінде 

мойын еттерінің пропироцепторлары тітіркеніп, дене тұлғасын 

өзгертуге бағытталған қимыл-əрекеттер басталады. Бұл рефлек-



стер тұлға түзеудің мойындық рефлекстері деп аталған. Бастың 

кейпі қалпына келгеннен кейін дене тұлғасын түзеуде тері ре-

цепторларынан тарайтын импульстердің де маңызы зор болады. 

Бұл рефлекстерді тері рецепторларынан басталған тұлға түзеу 



рефлекстері деп атайды. Орталық жүйке жүйесі зақымдалған 

жоғары сатыда дамыған сүт қоректі жануарларда (мысық, ит, май-

мыл) көру мүшесінің рецепторларынан басталатын тұлға түзеуге 

бағытталған рефлекстің тағы бір түрі кездеседі. Бұл рефлекстерді 



оптикалық тұлға түзеу рефлекстері деп атайды.

Аталған рефлексті лабиринтері қос жақты бұзылған жануар-

ларды жамбасынан асып, басын төмен қарай салбыратып қойып 

зерттеуге болады. Алғашқы күндері мұндай жануарлардың басы 

еріксіз салбырап тұрады. Бірнеше күннен кейін басты қалпында 

ұстау рефлекстері іске қосылады. Осыдан соң жануардың көзін 

таңып тастаса, басты ұстау рефлекстері қайтадан жойылады 

да, оның басы қайтадан салбырап қалады (213-сурет). Айта ке-




580

тер жайт, оптикалық тұлға түзеу рефлекстерін 

атқаруда ми қыртысы қатысады, ал бұл реф-

лекстің басқа түрлері жұлынның, сопақша жəне 

ортаңғы мидың қатысуымен атқарыла береді.

Статокинетикалық рефлекстер. Рефлекс-

тердің бұл түрі айналмалы, үдемелі, түзу 

сызықты қозғалыс кезінде іркілу салдарынан ту-

ындайды.


Айналмалы қозғалыс кезіндегі статоки не ти-

калық рефлекстер жартылай дөңгелек түтіктер 

рецепторларының тітіркенуі нəтижесінде туын-

дайды. Бұл рефлекстердің орталығы ортаңғы 

мидың қызыл ядросында орналасады.

Статокинетикалық рефлекстерге мысал ре-

тінде «лифт рефлекстерін» немесе дененің ай-

налмалы қозғалысы кезінде бас пен көз алмасы-

ның еріксіз қимылдарын (нистагм) кел 

тіруге бола 

ды. Лифт 

шапшаң көтерілсе, аяқтар бүгіледі, ал ол шапшаң төмендесе, 

аяқтар сіресе жазылады. Де не айнала бастағанда алғашқыда бас 

пен көз ал масы қарама-қарсы бағытта баяу бұрылады, со ңынан 

тез бастапқы кейпіне оралады. 

Ми қыртысы жақсы дамыған жоғары сатыдағы жануарлар-

ға лабиринттік жəне проприорецептивтік рефлекстерді басып, 

тежеп отыратын қасиет тəн. Осының арқасында олар əртүрлі 

кейіпте болып, бүйірімен не шалқасынан жата алады. Бұл ОЖЖ-

нің жоғары бөліктері - мидың торлы құрылымы, таламус, қыртыс 

асты ядролар мен ми қыртысының ми сабағының дене қалпын 

сақтау (тонустық) рефлекстеріне тежеуші əсер ететінінің дəлелі. 

Ми қыртысы неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым организмнің 

қимылдары еркін, күрделі, үйлесімді келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет