Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет447/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   542
223-сурет. Ми қыртысының микроскопиялық құрылымы: 

І-ІV – қыртыс ка-

баттары; /, 3, 5, 7, 12, 13, 15, 16 - ұзын аксонды афференттік жолдар; 2, 4, 6, 9, 

10, 11, 14, 17, 18, 19 – қысқа аксонды аралық нейрондар; 20, 21 – проекциялық 

(жалғастырғыш) жолдар

38–888



594

мидалық торшалардан құралған. Ең ірі пирамидалық нейрондар 

үлкен жарты шарлар қыртысының қозғағыш аймағында орнала-

сады да, олардың аксоны қыртыс-жұлындық (пирамидалық) жəне 

қыртыс-сопақша ми жолдарын құрайды да, мақсатты қимыл мен 

дененің қалпын сақтау реакцияларының үйлесімдігін реттейді.

Ең соңғы алтыншы қабат үлкен жарты шарлардың ақ заты-

мен тікелей жанасатын жəне солармен араласып кететін əртекті 



(полиморфты) немесе шүйкелі (ұршық тəрізді) торшалардан құ-

ралады. Бұл қабат нейрондарының өсінділерінен қыртыс-тала мус 

жолы түзіледі.

Жоғарыда баяндалған алты қа-

баттық құрылым жаңа  қыр тыс қа  (не-

окортекске) тəн (224-сурет). Соны-

мен қатар ми жабынында құрылысы 

қарапайым, торша қабаттары анық 

бай қалмай, қыртыс асты құрылым-

дарымен тұтасып жататын аймақ 

та бар. Мидың бұл бөлігін ежелгі 



қыртыс (архикортекс) деп атайды. 

Функционалдық тұрғыда бұл сезім-

тал (сенсорлық) құрылым болып та-

былады, онымен жануарларда ең ерте 

дамыған иіс сезімі байланысты. 

Үлкен ми жарты шарларының 

бел 

деулік иірім, гиппокамп, бадам-



ша орналасқан аймақтарында ми 

қыртысы екі-үш қабат торшалардан 

тұрады. Бұл - көне қыртыс (палео-

кортекс) аймағы. Көне қыртыс вегетативтік функцияларды (қан 

айналым, ас қорыту, тыныс алу), жыныстық мінез-қылықты, эмо-

цияларды реттеуге қатысады.

Жаңа қыртыс - мидың барлық сенсорлық ақпарлары шоғыр-

ланып, моторлық аймақтар орын тепкен бөлімі. Электрофизио-

логиялық, гистологиялық зерттеулерге қарағанда, ми қыртысының 

түрлі аймақтарының функционалдық маңызы əртүрлі. Ана 

то-

миялық тұрғыдан ми қыртысы маңдай, төбе, шүйде жəне са-



май бөліктерге бөлінеді. Бұл бөліктердің əрқайсысы сезімтал 

(проекциялық)  жəне жалғастырушы аймақтарға жіктеледі. Ми 

қыртысының арнаулы афференттік жолдар тірелетін бөліктерін 

сезімтал (проекциялық, сенсорлық) аймақ дейді. Оларға сома-

тосенсорлық (төбе бөлігіндегі), көру (шүйде бөлігіндегі), есту 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет