Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет448/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

224-сурет. Мидағы жаңа, 

ежелгі, көне жəне аралық 

қыртыстың 

орна ла суының 

бейнесі: 

1 - жаңа-неокортекс

2 - ежелгі-архикортекс; 3 - көне-

палеокортекс; 4 - мишық; 5 - жар-

ты шарлар; 6 - таламус; 7 - ми 

сабағы. Штрих – аралық қыртыс




595

(самай бөлігіндегі), дəм сезу (төбе 

бөлігіндегі) аймақтары жатады 

(225-сурет). 



Жалғастырғыш (ассоциа 

тив-

тік) аймақтар үлкен ми жарты 

шарларының маңдай, самай, төбе, 

шүйде  бөліктерінде  орна лас қан. 

Бұл аймақтар импульстерді не 

сезімтал аймақтардан, не басқа жал-

ғастырғыш аймақтардан қабыл-

дайды. Сонымен қатар сезімтал 

жəне жағастырғыш аймақтарға 

та  ламустың  жалпылама  ядрола-

рынан импульстер бағытталады. 

Бұл импульстердің əсерімен ми 

қыртысының сергектігі, белсен-

ділігі сүйемелденеді.

Ми қыртысының алдыңғы орталық иірімінде жəне медиаль-

дық беткейінде орналасқан қозғағыш аймақтар бұлшық ет əре-

кетін басқарады. Оларды электр тогымен тітіркендіргенде дене-

нің қарсы бөлігінің еттері жиырылып, жауап береді. 

Ми қыртысының қозғағыш аймақтары нейрондарының ак-

сондары тек қана қыртыс-жұлындық жолды ғана түзбейді, соны-

мен қатар экстрапирамидалық жүйе ядроларына - қызыл ядроға, 

торлы құрылым ядроларына да бағытталады.

Қозғағыш аймақтар соматосенсорлық рецепторлардан бағыт-

талған афференттік импульстерді қабылдайды. Жалғастыр 

ғыш 

талшықтар арқылы олар сезімтал аймақтармен де байланысады. 



Осының нəтижесінде олар ерікті қимылдарды атқару үшін қажет 

көру, есту жəне басқа сезімдік сигналдарды қабылдап отырады.

Ми қыртысы мен қыртыс асты түйіндер əрекетімен жа- 

н уарлардың жоғары дəрежелі жүйкелік қызметі - шартты рефлекс-

тер қалыптастыру, еске сақтау, күрделі мақсатты мінез-қылықтық 

реакцияларды атқару қабілеттері байланысты. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет