Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ми қыртысының жеке бөлімдерінің құрылымдық



Pdf көрінісі
бет451/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   542
20.2. Ми қыртысының жеке бөлімдерінің құрылымдық 

ерекшеліктері мен қызметі

Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғарғы, фило-

генездік тұрғыдан ең жас бөлімі болып табылады. Омыртқалы 

жануарлардың филогенездік қатарында ми қыртысы алғаш рет 

бауырымен жорғалаушылар мен құстарда пайда болды. Сүт 

қоректілер класында біртіндеп дами келе адамдарда ол ең күрделі 

құрылымға айналады.

Төменгі сатыдағы омыртқаларда, қос мекенділер мен ба-

лық тарда ми қыртысы болмайды, сондықтан олардың мінез-қы-

лық тық əрекеттері негізінен аралық ми арқылы реттеледі. Ми 

қыртысының дамуына сəйкес бұл күрделі қызмет аралық мидан 

ми қыртысына алдымен жартылай (қос мекенділер мен құстарда), 

соңынан толығымен (сүт қоректілерде) ауысады. Балықтарда ми 

қыртысын сылып тастағаннан кейін қимыл-əрекеттер, сыртқы 

ортамен қатынас ешқандай өзгермейді (Штейнер). Мұндай 

балықтардың сау балықтардан ешбір айырмасы болмайды. Ми 

қыртысы сылынып тасталған қос мекенділер мен құстардың кейбір 

əрекеттері бұзылады. Ми қыртысы алынған кептер алғашқыда өз 

бетімен жем қабылдай алмайды да, кейінірек бұл қабілет қалпына 

келеді. Мұндай кептерлердің көру мүмкіндігі жойылмайды, 

сондықтан ұшқан кезде ол кедергілерге соқтықпайды, бірақ 

мұндай құс өз балапандарының дауысын танымайды, мысықтан 

қорықпайды, қораз кептерлерді ажырата алмайды. Егер кептердің 

ми қыртысымен бірге қыртыс асты түйіндері (жолақ дене) алын-

са, онда ол ұзақ мерзімге дəрменсіз болып қалады, тіпті, жемін 

шоқи да алмайды. Кейінірек ол біршама түзеледі, жемін шоқып 

жейді, бірақ балапан баспайды (Роджерс, Шрадер).



601

Ми қыртысы сылынып тасталған сүт қоректілердің көптеген 

қызметі бұзылады. Алдымен Гольц, соңынан Ротман, Г. П. Зеле-

ный итке операция жасап, ми қыртысын алып тастап, оны жыл 

бойы аман сақтап, бақылаған. Бүкіл бақылау мерзімі ішінде 

бірде-бір бұзылған қызмет қалпына келмеген. Мұндай ит көбіне 

ұйықтап жатқан да, тек табиғи мұқтаждықтың немесе аштықтың 

əсерінен ғана оянып отырған, тамақты өз бетімен жеу қабілетінен 

айырылған, барлық шартты рефлекстерін жоғалтқан.

Үлкен ми жарты шарлары қыртысында жүйке орталықтары-

ның топтасуы, мамандануы орын алады. Мəселен, əрбір жарты 

шарда қозғағыш аймақ бар. Онда дененің қарсы бетіндегі қаңқа 

еттеріне импульстер жіберетін жүйке орталықтары шоғырланады. 

Осы аймақтарға қимыл-əрекет кезінде пропирорецепторларда 

туындаған импульстер түсіп отырады. 

Жануарларда ми қыртысының қозғағыш аймағының аумағы 

бірдей болмайды. Олардың қимыл-əрекеті күрделі болса, бұл 

аймақтың аумағы үлкейе түседі. Қозғағыш аймақтың көлемі при-

маттарда өте үлкен, ет қоректілерде орташа, тұяқты жануарларда 

шамалы ғана болады. Қойдың ми қыртысының бұл аймақтарын 

алып тастау олардың қимыл-əрекеттеріне əсер етпейді, ет 

қоректілерде мұндай операциядан кейін қимыл-əрекет бұзылады, 

ал маймылдар операциялардан кейін сал болып қалады да, 

кейінірек ол күйден айығады, бірақ қозғалу мүмкіндігі толығымен 

бастапқы қалпына келмейді. 

Жануарларда қозғағыш аймақтың орналасуы да əртүрлі. 

Қой мен ешкіде бұл аймақ ми қыртысының үстіңгі маңдайлық 

бөлігінде орын тепсе, шошқада төбе сайы мен қапталдық сайдың 

(Сильвиев сайының) алдыңғы тармағының арасында жатады. 

Жылқыда бұл аймақ латеральдық крест тəрізді сайдың бүйірінде 

жəне жоғарғы қапталдық сайдың орта тармағы аумағында орна-

ласады.


Ми қыртысында сенсорлық аймақ та болады. Олар көру, есту, 

жанасу, т.б. аймақтары болып бөлінеді. Көру аймағы үлкен ми 

жарты шарының шүйде бөлігінде, есту аймағы самай бөлігінде, 

иістік аймақ ежелгі қыртыстың аммон мүйізінде, терінің жа-

насу мен қысымды қабылдайтын рецепторларынан тараған 

импульстерді сезінетін жанасу сезімінің аймағы артқы ортаңғы 

қатпарда жатады. Алдыңғы қозғағыш аймақты ішкі ағзалық ре-

цепция аймағы деп санайды. Бұл жерге ішкі ағзалардан тараған 

импульстер бағытталады. Осы аймақты тітіркендірсе немесе 

сылып тастаса,тыныс алу, қан айналым процестері өзгеріп, ас 

қорыту жолының секрециялау қызметі мен қимылы бұзылады.



602

Жалпы жануарлар мен адам-

ның үлкен ми жарты шарла-

ры қыртысында 9 бөлік бай-

қалады. Олар - шүйде, самай, 

жоғарғы тө белік, төменгі тө-

белік, аралшықтық, алдыңғы 

орталық, арт қы орталық жəне 

маңдай бөліктер. Өте терең 

тал 


дағанда жарты шарлардың 

топо графиялық  картасында  200-



ден астам өрістерді анықтауға 

болады  (226-сурет). Өріс деп 

ми қыртысының нақтылы қыз-

меттің атқарылуын қамтамасыз ететін бөлігін атайды.

Ми қыртысының жеке бөліктерінің құрылымы бірдей емес. 

Осымен байланысты үлкен ми жарты шарларында нақтылы 

қызметтерді реттейтін орталықтардың шоғырлану процесі орын 

алған деген ұғым пайда болған.

Филогенездік даму процесінің нəтижесінде шындығында 

жүйке орталықтарының мамандану деңгейі арта түскен. Мыса-

лы, құстардың нашар дамыған ми қыртысында орталықтар қатал 

шектеліп, шоғырланбаған. Тұяқты жануарлар мен жыртқыштарда 

бұл құбылыс анық байқала бастайды жəне сақа, ересек жануар-

ларда жас төлдермен салыстырғанда, ол айқынырақ сезіледі.

Нақтылы қызметтерді реттейтін орталықтардың ми қырты-

сында шоғырлануы жайлы ілім өте күрделі жолмен қалып тас-

қан. XІX ғасырдың басында француз физиологы Флуранс құс-

тарға жүргізген тəжірибелері негізінде ми қыртысының түрлі 

аймақтары атқаратын қызметі тұрғысынан ерекшеленбейді деген 

тұжырым жасаған. Бірақ ол құстардың ми қыртысының жалғыз 

ғана қабаттан тұратынын ескермей, фактілерге қате баға берген.

Сəл кейінірек Австрия физиологы Ф. Галль ми қыртысы қыз-

метіне қатал шоғырлану принциптері тəн деген пікір айтқан. 1870 

жылы неміс дəрігерлері Г. Фритч пен Э. Гитциг ми қыртысының 

алдыңғы орталық аймағында əртүрлі қаңқа еттерінің жиыры-

луын басқаратын қозғағыш орталықтың болатынын анықта-

ған. Орыс физиологтары В. Я. Данилевский, Н. А. Миславский, 

В. М. Бехтеров ми қыртысының əртүрлі аймақтарын тітіркен дір-

генде жүректің, тыныс алу жүйесінің, ішкі ағзалар қызметінің 

өзгеретінін бай қаған. Аталған тəжірибелер ми қыртысының белгілі 

аймақ та рында организмнің нақтылы қызметін реттейтін жүйке 

орта 


лықтарының шоғырланатыны жайлы қорытынды жасауға 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет