Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Этология жəне оның мазмұны



Pdf көрінісі
бет475/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

20.15. Этология жəне оның мазмұны

Этология - жануарларының мінез-қылығының биологиялық 

заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. «Этология» деген атау 

грек тілінен алынған, мінез-қылық деген мағына береді (адамға 

байланысты  «мінез-құлық» деп аударылғаны жөн). Ал мінез-



қылық деп жануардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасты 

қамтамасыз ету үшін атқаратын күрделі əрекетінің жиынтығын 

айтады.

Этология ғылым саласы ретінде 1930–1950 жылдар 

аралығында Австрия ғалымы К. Лоренц, Голландия ғалымы Н. 

Тинберген, т.б. зерттеулері нəтижесінде қалыптаса бастады. 

Классикалық этологияның негізін инстинктер мен олардың эво-

люциясын, жеке түрлердің мінез-қылығының қалыптасуындағы 

тұқымқуалаушылық пен орта жағдайының өзара əрекеттестігін 

зерттеуге арналған зоологтар еңбектері құраған. Этология зоо-

логия мен эволюциялық ілім негізінде пайда болып, физиоло-

гия, экология, генетика жəне мінез-қылық генетикасымен тығыз 

байланыс түзген. Этология негізінен табиғи, туа біткен мінез-

қылықтар мен инстинктерді, олардың дамуын (эволюциясын) 

зерттейді.

Этология мінез-қылықты жануарлардың сыртқы ортамен 

көп қырлы əрекеттесуінің бейнесі деп санайды. Этология мінез-

қылықтың туа біткен құрамаларын зерттейді, организмнің түрлі 

реакцияларының сыртқы көрінісін анықтайды. Ал физиология 

жануарлардың мінез-қылығын қамтамасыз ететін ми қызметінің 

жүйкелік механизмін зерттейді. Осымен байланысты бұл екі пəн 

бірін-бірі толықтырып, мінез-қылықтың туа біткен жəне жүре 

пайда болған түрлерінің нақты жүйкелік механизмін ашады.

Мінез-қылық түрлері. Мінез-қылыққа жеке дарақ көрсететін 

кез келген белсенділік жатады. Мінез-қылықты сипаттау мақ-

сатында Л. В. Крушинский (1960) «Унитарлық (тұтасқан) реак-

ция» жəне мінез-қылықтың биологиялық түрлері атты екі түсінік 

ұсынды.

Унитарлық (тұтасқан) реакция - шартты жəне шартсыз 

рефлекстердің бірігуі негізінде қалыптасатын мінез-қылықтың 

біртұтас көрінісі. Бұл акт жеке бейімделу əрекетін қамтамасыз 

етуге бағытталады жəне мінез-қылықтың қарапайым бөлшегі бо-

лып табылады. Ол белгілі бір үлгімен орындалады. Унитарлық 



641

реакция үш компоненттен тұрады: 1) инстинкт, немесе əртүрлі 

күрделіліктегі шартсыз рефлекстер жиынтығы; 2) үйрену; 3) па-



йымдау əрекеті. Əрекетті атқаруда аталған компоненттердің 

арақатынастарындағы үлестік əртүрлі болуы мүмкін. Олардың 

ішінде шартсыз рефлекстер ұрпақтар жинақтаған тəжірибені 

пайдалануды, ал үйрену (шартты рефлекстер) жəне пайымдау 

əрекеті организмнің нақты жағдайдағы ең тиімді реакциясын 

қамтамасыз етеді, икемділіктің негізі болып табылады.

Жеке унитарлық реакцияларды біріктіру нəтижесінде мінез-



қылықтың биологиялық түрлері: қоректік, бағдарлау, жыныстық, 

ата-енелік (ұрпақ қорғау) жүзеге асады. Аталған көп актілі мінез-

қылық организмнің биологиялық мұқтаждығын қамтамасыз 

етеді. 


Жануарлар мінез-қылығы туа біткен жəне жүре пайда болған 

болып екі топқа бөлінеді. 



Туа біткен мінез-қылық құрамалары тұқым қуалайды, олар 

ешбір жаттығусыз, үйретусіз-ақ атқарылады. Бейімделу нəти-

жесіне қарай туа біткен мінез-қылық жыныстық, ұрпақ қорғау

қоректік, сақтық, зерттеу, доминанттық болып жіктеледі. Де-

мек, туа біткен мінез-қылық белгілі бір жағдайда атқарылатын 

күрделі іс-əрекеттің жиынтығы инстинкт болып табылады. 

Физиологиялық тұрғыдан инстинкт - эволюция үстінде ірік-

телген шартсыз рефлекстердің күрделі тізбегі. Бұл күрделі шарт-

сыз рефлекстер (мысалы, ұя жасау, ойнау, т.с.с.) тек жеке реф-

лекс доғасынан ғана құралмайды, олар біртұтас мінез-қылықтық 

жиынтық болып табылады. Оларды қамтамасыз етуде арнаулы 

рефлекстік бөлімдер - түрткі жəне бекітуші қатысады.

Туа біткен бейімделу əрекетін таксис, рефлекс жəне инстинкт 

сияқты реакциялар құрайды. Жүре қалыптасқан əрекеттерге 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет