662
жəне дөңгелек қапшыққа бөлінеді. Сопақша қапшық жартылай
дөңгелек түтіктермен (тепе-теңдік мүшесі), ал дөңгелек қапшық
ұлумен жалғасады.
Ұлу (иірімді түтік) орталық білікті бойлай спираль тəрізді
екі айналым жасай орналасқан құрылым. Рейснер жəне негізгі
мембраналар арқылы ол үш жіңішке өзекке бөлінеді (243-су-
рет). Оның сопақша тесіктен басталатын бөлігін «саға өзегі», ал
дөңгелек тесікпен жалғасатын бөлігін «дабыл өзегі» деп атайды.
Ұлудың ұшында бұл екі өзек бір-бірімен тар тесік - геликотрема
арқылы жалғасады. Аталған екі өзек те перлимфамен толған. Осы
өзектер арасында аталған мембраналармен шектелген ұлу өзегі
жатады. Ол эндолимфамен толған. Ұлу өзегінде негізгі мембра-
наны бойлай дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орын
тебеді.
Корти мүшесі өте күрделі құрылым. Ол түкті есту торшалары
мен сүйеніш торшалардан құралған. Есту торшаларының ұшында
өте жіңішке түктер болады. Бұл торшалар есту мүшесінің ре-
цепторы болып табылады, олар дыбыс толқынының əсерін қозу
процесіне айналдырады.
Осы торшалардың жоғарғы жағында бір ұшы сүйекті тұлғаға
жалғасып, екінші ұшы бос жататын жабынды табақша орналаса-
ды (244-сурет). Дыбыс толқыны ұлудағы перилимфаға əсер етіп,
оны тербетеді. Осының нəтижесінде негізгі мембрана тербеледі
де, онда орналасқан есту торшаларының түктері жабынды мем-
бранамен түйіседі. Бұл сезімтал торшаларда қозу процесінің пай-
да болуына себепші болады.
Есту торшаларына ұлудың спиральдық жүйке ганглийінде
орналасқан қос өрісті жүйке торшаларының өсінділері келеді
де, олар осы жерде тор түзеді. Ал осы биполярлы торшалардың
Достарыңызбен бөлісу: