Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет489/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

242-сурет. Ортаңғы жəне ішкі құлақтың 

құрылысы: 

1 - дабыл жарғағы, 2 - балғашық, 

3 - төсше, 4 - жасымықша, 5 - үзеңгі, 6 - со-

пақша тесік, 7 - дөңгелек тесік, 8 - Евстахий 

түтігі, 9 - ұлу (иірімді түтік), 10 - жартылай 

дөңгелек түтіктер



661

сы артқан кезде дабыл жарғағын зақымданудан, жарылып кетуден 

сақтайды. Сыртқы ортадағы қысым жоғарыласа дабыл жарғағы 

құлақтың ішіне қарай ойысады. Мұндай жағдайда евтахий түтігі 

арқылы дабыл қуысына ауа кіреді де, жарғақтың екі жағындағы 

қысым теңгеріледі, жарғақ жарылып кетуден сақталынады. Егер 

сыртқы ортадағы қысым төмендесе, онда ортаңғы құлақтағы 

қысымның əсерінен жарғақ сыртқа қарай ойысады. Мұндай 

жағдайда евстахий түтігі ашылып, дабыл қуысындағы ауа сыртқа 

шығады да, қысым теңгеріліп, жарғақ тағы да жарылып кетуден 

қорғалады.

Дабыл қуысының ішкі беті, есту сүйекшелері, евстахий түтігі 

жыбырлағыш эпителийлі кілегейлі қабықпен көмкерілген. Тақ 

тұяқты жануарларда евстахий түтігі ауданында сыйымдылығы 

450 см

3

 шамасында ауа қуысы түзіледі.



Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекті қал-

қанда екі тесік болады. Олар жұқа дəнекер ұлпалы жарғақпен 

жабылған дөңгелек жəне сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті ұлу 

терезесі дейді. Одан сəл төменірек орналасқан сопақша тесікті 

саға (кіреберіс) терезесі деп атайды.

Ішкі құлақ немесе шытырмақ (лабиринт) самайдың қайыр-

шақ сүйегінің ішінде орналасады. Ол бірінің ішінде бірі орна-

ласқан  сүйекті  жəне жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл 

екі құрылымның арасында перилимфа, ал жарғақты лабиринттің 

ішінде эндолимфа, ішкі сұйықтық болады.

Сүйекті лабиринт үш құрылымнан тұрады. Олар - саға (кіре 



беріс), ұлу (иірімді түтік) жəне жартылай дөңгелек түтіктер. 

Саға мен ұлу есту мүшесін құрайды. Ал сағада орналасқан қап-

шықтар мен жартылай дөңгелек түтіктер тепе-теңдік (вести бу-

лалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта функ-

ционалдық тұрғыдан есіту жəне тепе-теңдік мүшелері орналасқан.

Саға - кішкентай қуыс. Ол екі бөлікке - сопақша қапшыққа 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет