Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет497/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

21.7. Иіс талдағышы

Иіс талдағышы адам мен жануарларда алшақтық хеморецеп-

циямен байланысты. Ол қоршаған ортадағы биологиялық ма-

ңызды химиялық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. 

Бұл - ең ерте дамыған талдағыштың бірі.

Иіс анализаторының жетілу деңгейіне қарай жануарлар ма-



кросматиктер жəне микросматиктер болып бөлінеді. Макрос-

матиктерге (иісшілдерге) негізінен сүт қоректілер жатады. Иіс 

анализаторы китте, маймылда, адамда нашар дамыған. Олар - 

микросматиктер. 

Иіс анализаторының шеткей бөлімі мұрын қуысында кең-

сіріктің жоғарғы жолында орналасқан иістік төсемік болып та-

былады. Омыртқалы жануарларда иістік эпителийдің қалыңдығы 

30-дан 200 мкм-ге дейін жетеді. Ол рецепциялық, сүйеніш жəне 



негіздік торшалардан құралады (253-сурет). Сүйеніш тор шала-

рының апикальдық ұшы тармақтанып, айырланып жатады. Ал 

негіздік торшалар еш уақытта эпителий қабатының бетіне шық-

пайды. Иістік торшалар тікелей сезгіш торшалар қатарына жата-

ды. Сүйеніш торшалар иіс рецепторындағы зат алмасу процесін 

қамтамасыз етеді. Негіздік торшадан рецепциялық немесе сүйе-

ніш торшалар өсіп отырады.

Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың иістік тө 

семі-

гіндегі шашақты рецепциялық торшалар иісті қабылдауды қам-



тамасыз етеді. Бастапқы хеморецепция (химиялық əсерді қа-


672

былдау) осы шашақтар мембранасында 

жүретін болу керек, себебі шашақтарды 

бұзғаннан кейін хеморецепциялық қыз-

мет жойылады. Шашақтар қайта же-

тілгеннен кейін иіс сезу қабілеті қалпына 

келеді. Сонымен қатар иіске сезімтал 

торшалардың микротарамды түрі де 

болады. Олардың апикальдық ұшында 

шашақтар болмайды, бірақ торшаның 

беткейлік өсіндісі қолдың саусақтары 

сияқты цитоплазмалық тарамдар түзеді. 

Осы құрылымды микротарамдар деп 

атайды. Микротарамдар шашақтары 

қысқа келеді (3-5 мкм) жəне оларда 

фибрилярлық аппарат (тал шықтар) бол-

майды. Аталған иіс рецепторлары, неме-

се иіс торшалары, қос өрісті торша болып табылады.

Құрлық пен су омыртқалыларының иістік торшаларының 

ультрақұрылымында онша көп айырмашылық жоқ. Құрлықтағы 

омыртқалыларда - қосмекенділерден бастап сүт қоректілерге 

дейін, жоғарыда аталған рецепторлардың екі түрі де сақталған. 

Мұрынның иістік төсемігінде тек шашақты рецепторлар орын 

тепсе, микротарамды рецепторлар якобсон мүшесінде ғана 

сақталған.

Иіс рецепторлары көптеген тітіркендіргішті қабылдай алады, 

бірақ олардың бір затқа сезімталдығы өте күшті, екінші затқа 

орташа болады. Олардың əрекетін тежеп те тастайтын заттар 

кездеседі.

Қазіргі кезге дейін иістің түрлері толық жіктелмеген, сол 

себепті иісті көбінесе иіс шығатын заттардың атымен атай-

ды. Мысалы, жуа, раушан, сірке иістері. X. Хеннинг иісті иіс 

шығаратын заттардың химиялық құрылымына қарай жіктеген. 

Бірақ кейінірек əртүрлі құрылымды заттардың бірдей иіс 

шығаратыны анықталған. Д. Эймур иісті жеті түрге бөлген. Олар 

камфора, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, өткір жəне шірік иістер. 

Оның пікірінше, камфора иісті заттардың молекуласы шар 

пішінді, жұпар иісті заттар молекуласы диск формалы, эфир иісті 

заттар молекуласы таяқша тəрізді келеді. Бірақ барлық иіс зат 

молекуласының пішініне сəйкес келе бермей, молекулалардың 

электрлік зарядтарына да байланысты болады. Егер молекула оң 

зарядты болса, заттың иісі өткір, ал теріс зарядты болса - шірік 

иісті болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет