Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет505/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

21.10. Интерорецепция

Интерорецепторлар (ішкі рецепторлар) орталық жүйке жүйе-

сіне организмнің ішкі ортасының жағдайы жайлы хабарлап оты-

рады. Олардың əрекетінің нəтижесінде ішкі мүшелер мен қан 

тамырларының қызметі реттелінеді.

Интерорецепторлар (висцерорецепторлар) өте сезімтал құ ры-

лым, сондықтан олар гомеостазды сақтауда, вегетативтік функ-

циялардың өздігінен реттелуінде маңызды рөл атқарады.

Қабылдайтын тітіркендіргіш сипатына қарай оларды баро ре-

цепторлар (қысымды қабылдайтын), механорецепторлар (меха-

никалық əсерлерді қабылдайтын), хеморецепторлар (химиялық 

заттар əсерін қабылдайтын) жəне осморецепторлар (осмостық 

қысым ауытқулары қабылдайтын) деп жіктейді. Интерорецептор-

лар тобына жалаңаш жүйке ұштарын, Краузе сауытшасын, Фатер-

Пачини денешігін жатқызады. Кейбір жағдайда олар күрделі 

құрылым түрінде кездеседі.

Ішкі рецепторлардан тараған импульстер қан айналымын, ас 

қорытуды, тыныс алуды, зат алмасуды, т.б. реттейтін рефлекс-

тер тудырады. Интерорецепторлар тітіркенуіне шартты рефлекс-

тер де қалыптастыруға болады. Бұл ішкі ағзалар қызметін рет-

теу процесіне үлкен ми жарты шарлар қыртыстысының қатысы 

болатынының дəлелі. Бірақ бұл мəселе əлі күнге дейін даулы 

болып келеді, себебі ішкі мүшелерден ми қыртысына келген им-

пульстер нақтылы айқын түйсік тудырмайды. Сау организм өз 

жүрегін, бауырын, бүйрегін, қарнын, т.с.с. сезінбейді.

Соңғы жылдарға дейін ми қыртысында интерорецепторлар 

өкілдігі, олардың сигналдарын қабылдайтын нақтылы аймақ бол-

майды деген ұғым қалыптасқан болатын. Терең зерттеулер инте-

рорецепторлар орталығы ми қыртысының артқы сайында орын 

тебетінін көрсетіп отыр. Тіпті, ядросы сопақша мида орналасқан 

кезеген жүйкенің өзі ми қыртысы нейрондарымен тығыз байла-

ныста болатын көрінеді. Ми қыртысында ішкі органдар сигналын 

қабылдайтын арнаулы аймақтың болуына қарамастан, интероре-

цепторлар тітіркенуінен нақтылы, айқын түйсік туындамауының 

бірнеше себебі бар. Біріншіден, анализатордың қызметін қам-

тамасыз ететін нейрондар саны интерорецепторлармен бай 

ла-



680

нысқан нейрондар санынан бірнеше есе көп болады. Демек, ми 

қыртысының түрлі анализаторлар қамтитын аймағының ауданы 

интерорецепторлардан шыққан импульстерді қабылдайтын аймақ 

ауданынан əлдеқайда көлемді. Екіншіден, ми қыртысына ішкі ор-

гандардан жеткен импульстер жалпылама жолмен тасымалдана-

ды. Ал анализаторлар рецепторларынан импульстер арнаулы жол 

арқылы таралады. Сондықтан арнаулы жолмен шапшаң жеткен 

импульстер ми қыртысының басқа импульстерге сезімталдығын 

төмендететін болу керек. Сонымен қатар организмнің өзінде 

ішкі органдардан ми қыртысына бағытталған импульстерді ек-

шеп, бөгеп отыратын механизмнің болуы да ықтимал. Осының 

нəтижесінде ми қыртысы ішкі ағзалардан келетін көптеген им-

пульстерден қорғалып, оның жұмысына тəн жүйелілік, реттілік 

сақталынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет