Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет53/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Жиырылғыштық. Қозу толқынына жүрек еттері жиыры-

лумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзын ды-

ғының қысқаруын немесе кернеу күйінің (тонусының) арту  ын, 

ширығуын айтады. Жүрек еттері бұлшық еттермен салыс 

тыр-

ғанда баяулау жиырылады. Жиырылу кезеңінің ұзақтығы əрекет 



потенциалының өшу жылдамдығына байланысты. Ол шап шаң-

даса, жиырылу кезеңі де қысқарады. Жүрек еттері ұзақ уақыт 

жиырылу жағдайында (тетанус) бола алмайды. Əрбір жиырылу 

кезеңінен соң ет міндетті түрде босаңсып отырады. 

Жүрек еттерінің жиырылу күші тітіркендіргіш мөлшеріне 

тəуелді болмайды. Əлсіз, табалдырықтан төмен тітіркендіргішке 

жүрек жауап бермейді. Ал тітіркендіргіш күші табалдырыққа жет-

се, онда жүрек еттері бар күшімен жиырылады. Бұдан əрі тітір-

кендіргіш күшін қаншама өсірсе де, оның жиырылу күші өзгер-

мейді. Жүрек еттерінің бұл қасиетін Боудич “барынша немесе 



ешнəрсе жоқ” деген заңдылық деп атады. Айта кетер жайт, бұл 

заңға миокард белгілі бір жағдайларда ғана бағынады. Мысалы, 

қазіргі кезде жүрек еттерінің жиырылу күші олардың бастапқы 

созылу дəрежесіне, қоректік заттардың құрамына, температураға, 

т.б. себептерге байланысты өзгеретінін көрсетіп отыр. Бұл 

тұрғыда “барынша” деген зандылықтың өзгеретінін байқаймыз. 

Заңдылықтың “ешнəрсе жоқ” деген мағынасы да жүрек еттерінің 

биологиялық қасиеттерін сипаттай бермейді. Мысалы, əлсіз 

тітіркендіргіштерге жүрек еті жиырылумен жауап бермесе де, 

онда күрделі өзгерістер байқалады: зат алмасу күшейеді, темпе-

ратура өзгереді, торшаларда биопотенциалдар пайда болады.

Неміс ғалымы Отта Франк жəне ағылшын зерттеушісі Эр-

нест Старлинг алғаш рет жүрек еттері неғұрлым көбірек созыл-

са, олар соғұрлым күштірек жиырылатынын дəлелдеді. Жүрек 

еттерінің бұл ерекшелігін “жүрек заңы” деп атайды. Жүрекке 

қан неғұрлым көп оралса, ол соғұрлым қанды көп айдайды. Де-




76

мек, жүректен қуылатын қан мөлшері, венамен оралатын қанның 

мөлшеріне қарай өзгеріп отырады да, оң жəне сол қарыншалардан 

қуылатын қанның жалпы көлемі бірдей деңгейде сақталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет