Рефрактерлік. Қозу үстіндегі жүрек еттерінің қандай да бол-
масын тітіркендіруге жауап бермейтін қасиетін рефрактерлік деп
атайды. Жүректің рефрактерлік кезеңі абсолюттік, салыстырмалы
жəне экзальтация сатыларына бөлінеді. Систола кезінде жүректің
қозғыштық қасиетінің толық жойылуын абсолютті (толық)
рефрактерлік деп атайды (18-сурет, б). Бұл сатыда жүрек еттері
ешбір тітіркендіруге жауап бермейді. Одан əрі жүрек еттері
босаңси бастағанда жүректің қозғыштығы өзгеріп, индукциялық
токпен тітіркендіргенде ол кезектен тыс əлсіз жиырылуымен
жауап береді. Жүрек еттерінің босаңсуы кезінде байқалатын
қозғыштықтың бұл сатысын салыстырмалы рефрактерлік деп
атайды (18-сурет, в). Салыстырмалы рефрактрліктен соң жүрек
еттерінің коз ғыштығы күшейіп, экзальтация сатысы басталады.
Рефрактерлік кезеңнің əр саты
сы-
ның ұзақтығы жүрек айна
лымының
мерзіміне сəйкес өзгеріп отырады.
Мы салы, жүрек қағысының жиілігі 70-
80-ге тең болса, Кис-Фляк түйінінде
аб
солютті рефрактерлік 0,3. сек, жү-
рек шелерде - 0,06-0,12 сек, ал қарын-
ша
ларда - 0,3-0-4 сек созылады.
Жү ректің жиыры луы жиілесе, бұл са-
ты ның ұзақтығы қысқарады, сире се –
ке рі сін ше,
ұзарады.
Қалыпты
жағ-
дай
да абсолютті рефрактерлік сис
то-
ла кезеңін толық жəне диастоланың
ал ғаш қы сəттерін қам тиды. Рефрак-
тер
лік қасиеттің болуына байланыс-
ты жүрек ыр
ғақты жұмыс атқарып,
қалыпты жағдайда тетанус (қарысу)
байқалмайды.
Абсолюттік рефрактерлік саты өт-
кеннен соң жүрек қарын ша сына тітір-
кендіргішпен əсер етсек, жүрек еттері кезектен тыс жиырылады.
Оны экстрасистола деп атайды (19-сурет,3). Экстрасистоладан
соң тыным уақыты ұзарады, оны теңгерме тыным дейді (19-су-
рет, 4). Бұл құбылыс Кис-Фляк түйінінен келетін кезекті қозу
толқынының экстрасистоламен сəйкес келуіне байланысты туын-
дайды.
18-сурет. Жүрек еті қозғыш -
тығының систола мен диа -
стола жағдайында өз ге руі:
А - кардиограмма; Ə - реф рак-
терлік сатылары; Б - абсолютті
рефрактерлік саты; В - салыс-
тырмалы рефрак тер лік саты.
|