Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет90/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Өкпедегі қан айналымы. Өкпе қанды екі қан айналым шең-

бе рінен де алады. Кіші қан айналым шеңберінен өкпе артериясы 

арқылы вена қаны, ал үлкен қан айналым шеңберінен бронхы ар-

териясымен өкпе ұлпасын қоректендіретін артерия қаны келеді. 

Бұл екі тамыр да өкпеде капиллярларға тарамдалады. Олармен 

қан тек бір бағытта ғана: бронхы артериясының капиллярлары-

нан өкпе артериясы капиллярларына қарай жылжиды.

Өкпедегі қан айналымының ерекшеліктерінің бірі – төте 

тамырлардың болуында. Олар өкпеде қан қысымы жоғарылаған 

жағдайда іске қосылып, қанның біраз мөлшері капиллярларға 

соқпай өкпе артериясынан өкпе венасына өтіп кетеді.

Кіші қан айналым шеңберінің тамырлары қысқарақ келеді 

де, ондағы артериялар арнасы үлкен шеңбер тамырларынан 4-5 

есе кең болады. Осымен байланысты кіші шеңберде үлкен шең-

бермен салыстырғанда кедергі 4-5 есе төмен. Өкпе тамырлары 

қабырғасында серпімді элементтер көп, сондықтан олар созылғыш 

келеді де, организм жағдайына байланысты өкпедегі қанның жал-

пы мөлшері көбейіп, азайып отырады. Қалыпты жағдайда өкпеде 

денедегі қанның 6-12 пайызы қорға жиналып, тыныс алатын кез-

де тамырлар кеңейеді де, өкпеде денедегі қанның 20 пайызына 

дейін жиналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет