Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Əртүрлі жағдайларда қан айналымда байқалатын



Pdf көрінісі
бет87/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

5.17. Əртүрлі жағдайларда қан айналымда байқалатын 

ерекшеліктер

Ұлпаларда оттегі қоры болмайды, сондықтан əрбір орган оны 

өз мұқтаждығына сəйкес қан арқылы алу керек. Осымен байла-

нысты организмнің физиологиялық күйіне қарай тамырлар ар-

насы кеңейіп не тарылып, əртүрлі органдар арасында қанның та-

ралу деңгейі өзгеріп отырады.

Дененің түрлі мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілу деңгейіне 

қарай олардың көлемінде байқалатын ауытқуларды онкограф де-

ген аспап арқылы анықтайды. Ал аяқтардың көлеміндегі өзге-

рістерді  плетизмограф деп аталатын құрал арқылы жазады. Ол 

үшін мүшені ішінде су немесе ауа бар тығыз жабылатын арнау лы 

аппаратқа салып (48-сурет), тамыр арнасының өзгеруімен байла-

нысты байқалатын көлемдік ауытқуларды сезімтал манометр не-

месе Марей капсуласы арқылы кимографқа жазып алады.

Жеке органдардың қанмен жабдықталу деңгейі капилляр лар-

дың ашылып-жабылуына байланысты өзгереді. А. Крог зерттеу-

лері бойынша тыныштық жағдайда бұлшық ет капиллярлары-

ның көпшілігі жабылып қалады да, оның сыйымдылығы жалпы 

мүмкіндігінің тек 0,02 пайызына ғана тең болады. Осы ғалым 

бақа етінің 1 мм2 аумағында орналасқан 400 капиллярдың жұмыс 

кезінде 325-і, ал тыныштық жағдайда тек қана 10-20-сы ашық 

болатынын байқаған; су тышқанының бұлшық етінің 1 мм2-дегі 

4000 капиллярлардың жұмыс 

кезінде 2500, ал тыныштық-

та - 30-270-і ғана ашық болған. 

Тыныштықтағы бақа етінің 

капиллярларының арасы 200-

800 мкм болса, жұмыс кезінде 

ол 30-50 мкм дейін кемиді, де-

мек, əр капиллярдың қамтитын 

ауданы 100-400 мкм-ден 15-25 

мкм дейін азаяды. Айта кетер 

жайт, тыныштық жағдайында 

капилллярлар əрекетке белгілі 

бір ретпен қосылып отыра-

ды: ашық капиллярлар бірінен 



48-сурет. Плетизмограф сызбасы:

1 - резеңке шұлық; 2 - аспаптың жо-

ғар 

ғы ернеуі; 3 - шөлмек; 4 - пле 



тиз мог рафты  Марей  капсуласы мен  жал-

ғас  тыратын түтікше; 5 - Марей капсула-

сы; 6 - кимограф; 7 - көлемдік ауытқу-

ларды бей не лейтін қисық сызық

8–888



114

соң бірі жабылып, іске басқа капиллярлар тартылады. Осының 

арқасында ұлпаларға қоректік заттар қажетті ғана мөлшерде 

жеткізіледі.



Дене жұмысы күшейген сайын қан айналым жүйесіндегі 

өзгерістер арта түседі. Ауыр жұмыс кезінде тамыр соғу 3 есе, 

жүректің систолалық көлемі 3,5-4 есе, минуттық көлемі – 10 есе, 

систолалық қысым – 1,6-2 есе артып, диастолалық қысым с.б. 20-30 

мм-ге төмендейді. Жұмыстың басында қан айналым жүйесіндегі 

өзгерістер проприорецепторлардан (ет пен буындардағы сезімтал 

жүйке ұштарынан) келетін импульстердің əсерінен туындайды. 

Рефлекс түрінде қан қоймалары мен ас қорыту органдарының 

тамырлары жиырылып, айналымдағы қан мөлшері көбейеді де, 

бұлшық ет тамырлары кеңейеді. Одан əрі жұмыс үстіндегі етті 

қанмен қамтамасыз етуде органдарда түзілетін өнімдер – гиста-

мин, ацетилхолин, сүт қышқылы, аденозинүшфосфор қышқылы 

өнімдері, көмір қышқылы рөлі арта бастайды. Ас қорыту кезінде 

ас қорыту ағзаларының тамырлары кеңейіп, ішкі ағзаларға ба-

ғытталатын қан мөлшері 30-50 пайызға артады. Бұл кезде тері 

мен бұлшық ет тамырлары тарылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет