25
Жай заттардан күрделі зат алу әдісі
синтез
(грек.
synthesis
— қосылу)
деп аталады.
Көмір жанғанда оттек молекуласындағы атомдар көміртек атом
да ры мен қосылып, көмірқышқыл газының молекуласы түзіледі
(13сурет).
Химиялық құбылыстар нәтижесінде
бір заттан басқа заттар
алынады. Мысалы, металл кенінен металдар мен металл құйма
ларын, минералдардан тыңайтқыштар, кө мір сутектер мен олар
дың туындыла рынан синтетикалық талшықтар, бояулар, дәрі лер,
қопарғыш заттар және көптеген қосылыстар алуға болады. Тірі
организмдерде жүретін күр делі биохимиялық процестер де химия
лық ай налымдармен тікелей байланысты.
Металдарды,
пластмассаны, шыныны, талшықтарды өңдеп,
әртүрлі бұйым дар жасауға болады. Материалдарды өңдеудің көптеген
түрлері бар: қалыптау, құю, кесу, біріктіру, желімдеу. Бұлар физи
калық құбылыстар. Физикалық және химиялық құбылыстар бір
бірімен тығыз байланысты.
Денедегі жарақатты сутек асқын
тотығымен жуған кездегі
құбы лысты бәріміз байқадық. Қанап тұрған жараға сутек асқын
тотығы тисе, “қайнап” газ бөлінеді. Бұл — химиялық реакцияның
белгісі.
Біз химиялық реакцияның жүргенін сыртқы белгілері арқылы
білеміз. Олар: жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі (кейде жарықтың),
түсінің өзгеруі, газ түзілуі, иіс бөлінуі, тұнбаның пайда болуы.
Сутек
Оттек
Су
молекулалары
Достарыңызбен бөлісу: