154
Сонда баламалы шығындар «айқын» (ақшалай) және «айқын емес»
шығындардың сомасына тең болады.
Фирма өнідіріс көлемі мен ұсынысты анықтау үшін ең алдымен осы
баламалы шығындарға назар аударады, себебі, оларды алдағы уақытта
нарықта тауарлар ұсынысын шектейтін фактор ретінде қарастырады.
Әрбір фирма баламалы шығындарын әрдайым төмендетуге тырысады,
өйткені олардың өсуі пайдасын төмендетуге алып келеді.
Сонымен қатар, экономикалық шығындардың құрамына қалыпты
пайда да кіреді.
Қалыпты пайда кәсіпкерлік қабілет факторынан
түсетін және іскерлік белсенділікті жүзеге асырудан келетін ең
минималды қамтамасыз етілген таза табыстың түрін білдіреді. Олай
болса, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан айқын
емес шығындар мен қалыпты пайда шамасына кіші болып келеді.
Өндіріс шығындарын анықтаудағы
экономикалық көзқарас
шығындардың құрамын белгілеуге және шығын элементтерінің
шығарылым көлемін арттыруға әртүрлі қатысатындығын анықтауға
мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке
бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: