155
Мұнда, ТС (total costs) –
жалпы шығындар;
FC (fixed costs) – тұрақты шығындар;
VC (veriable costs) –
өзгермелі шығындар;
Q (quant) – өнім көлемі.
8.1-сурет. Өндіріс шығындары
Суреттен
көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындар абсцисса
осіне параллель болып келеді, себебі олар өнім көлеміне байланысты
болмайды. Ал өзгермелі шығындардың
ауытқымасы жалпы
шығындардың сипатын қайталап отырады, өйткені бұлар өнім көлемі
артқанда немесе төмендегенде әртүрлі бағытта өзгеріп отырады.
Фирманың өндіріс шығындары сапында орташа шығындар мен
шекті шығындардың да орын алуы аса маңызды болып табылады.
Фирма шешім қабылдау кезінде бұларды міндетті түрде ескереді.
Орташа шығындар – бұл өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған
жалпы шығындар. Орташа шығындар
жалпы шығындардың өнім
көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: