Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011



бет37/90
Дата05.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#79474
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90
Байланысты:
1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі

Бақылау әдісі. Нақтылы бақылау обьектісі белгіленіп, жоспарлы жүргізіледі.
Бақылау кезеңдері:
-мақсат пен міндеттерді анықтау;
-обьекті, пәні таңдалынады;
-бақылау жолдарын анықтау;
-бақылау барысын есепке алу;
-алынған ақпараттарды өңдеу және талқылау.
Кемшілігі-қорытындысына жеке тұлғаның ерекшелігі ықпал етуі.
Бақылау-зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жеке танысуға орай алдын-ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;
2) бақыланылатын обьект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;
3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау-ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау-зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамалы бақылау.
Бақылау-орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес. Көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке-дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады.
Әңгіме әдісі.
Әңгіме – 1. тұлғаның жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатымен (мотивациялық және эмоционалдық аясын, білімін, сенімін, қызығушылығын, артықшылығын, ұстанымын, ортаға, ұжымға қатынасын т.б) ұйымдастыралытн психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі. 2. Мұғалімнің мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесін қою жолымен оқушыларды жаңа материалды түсінуге әкелетін немесе енді оқып үйренгенді меңгергенін бақылайтын оқытудағы әдіс.
Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының кез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауапты нысаны, әңгімеге көзқарас, мінез-құлық және т.с.с.
Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерін нақты көрсеткен жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен ата-аналар және басқа қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Әңгімені жасөспірімдермен өткізгенде өте жоғары шеберлікті қажет етеді. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу өте күрделі. Мұны тек бастауыш сынып оқытушылары ғана жүргізе алады. Себебі олар осы жастағы балалардың жас ерекшелектерін жақсы біледі.
Әңгіменің келесі түрі көбінесе жоғары сынып оқушыларымен мәселелені талқылау барысындағы әңгімелесу.
Әңгімелесу еркіндік негізде жүргізіледі, анықталған мәселеге байланысты сұрақтар дайындалады. Оқушы көзінше жазба жұмысы жүргізілмейді.
Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының кез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауаптың нысаны, әңгіме көзқарасы, мінез-құлық және т.с.с.
Бұл әдістің артықшылығы: оқушыларды ширатып, жады мен сөйлеуін дамытады, оқушылардың білімін жария етеді, елеулі тәрбиелік мүмкіндіктері бар.
Әңгімелесушілердің түрлері – ауызша қарым-қатынас үдерісінде педагогке тәрбиеленушілермен өзара әрекетте тактика таңдауда ескеруге пайдалы адамның әр түрлі жеке сипаттарының көрінуі.
Басым ойлы әңгімелесушімен (қайсар, шешім қабылдап, жауапкершілікті өзіне ала алатын) әңгімені текке үзіп жібермеуге тырысып, сабырлы болу тиімді, бірақ өзіңнің көзқарасыңды оған батыл, шешімді түрде айту керек; басым ойы жоқ әңгімелесушіні (сыпайы, жұмсақ, тез абыржып қалатын) жиі жігерлендіріп, қызығушылықпен тыңдап, дұрыс қорытындыларын қолдау пайдалы. Қарым-қатынаста ұтқыр тәрбиеленушіні (еті тірі, тақырыптан тақырыпқа жеңіл ауысатын) әңгіме тақырыбына оралып, сыпайы сөйлесіп отыру ләзім. Ригидтіні (тақырып ауысуына ілесе алмайтын шабанды) асықтырмай, оған ақырына дейін сөйлеуге мүмкіндік берілуі тиіс. Экстраверт (төтенше) көпшіл, белсенді, көбінесе әңгімелесушіге бағытталған. Онымен, әдетте, қарым-қатынас жасау жеңіл. Интраверт әңгімеге онша құлқы жоқ, егер алдыңғысы аяқталмаса, тақырыптан тақырыпқа қиын ауысады. Оны шыдамды, ойлы түрде тыңдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет