Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011



бет34/90
Дата05.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#79474
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90
Байланысты:
1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі

Ұқсастыру әдісі.
Ұқсастық (Аналогия; грек. аnologia – сәйкестік) – зат немесе құбылыстар арасындағы ұқсастық, екі заттың немесе құбылыстың ортақ қасиетін түйіндеу, ой қорытынысының бір түрі, бір заттың қасиеттерін басқаларға ұқсастығы негізінде анықтау.
Ұқсастық – эмпирикалық және теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдістерінің бірі. Ұқсастық негізінде ой қорытындысын жасаған кезде қайсібір объектіні қарастырғанда алынған білім неғұрлым аз зерттелген затқа жалғастырылады. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдістерінің бірі. Оқыту ісіндегі ұқсастық зерделенетін заттар мен құбылыстар арасындағы қайсыбір тұрғыдағы ұқсастықты анықтау болып табылатын педагогикалық әдіс; сондай-ақ оқыту үдерісінің танымының басқа әдістерін пайдалану мүмкін болмағанда қолданылатын қажетті элементі. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады
Е. М. Муравьев пен А. Е. Богоявленская педагогикалық зерттеу әдістерінің мынадай схемаларын ұсынды.
Әдебиетке салыстырмалы-тарихи талдау жасау әдісі әдебиет мәселелерін, оның тарихын зерттеуді көздейді, бұл ретте барлық көзқарастарға талдау жасалады. Ең алдымен ғылымда бұл мәселе жөнінде не жинақталғанын оқып зерделеу қажет (негізгі ғылыми идеялар, ғылыми зерттеулердің негізгі принциптері, т.с.с). Бұл үшін зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті ұқыпты түрде таңдап алу керек, бұған бірінші кезекте көңіл бөлген жөн. Барлық әдебиетті мынадай өлшемдер бойынша талдау қажет:
- әр түрлі ғалымдар мәселенің мәнін, зерттеу мәселесін қалай түсінген;
- зерттеу субъектісіне қандай анықтама берген, қандай белгілерді мәнді деп санаған, т.с.с;
- белгілі бір ғалымның пікірінше, осы мәселенің мәні неде, оны немен түсіндіруге болады;
- осы мәселенің жалпы ғылым жүйесіндегі, оқыту (тәрбие) теориясындағы, тәжірибедегі орны қандай;
- осы құбылыстың басқа да төркіндес құбылыстармен негізгі және жанама байланысы қандай?
Ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа үдеріс, осы немесе басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді; зерттеліп отырған үдерістің құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай?.
Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдарымен аяқталады. Бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін істелген істің барлығына сыни тұрғыдан баға беру, оған өзінің субъективтік көзқарасыңды білдіру қажет. Қолдағы әдебиетке сыни тұрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасыңа емес, логикалық, құрылымдық, фактологиялық талдауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікірталастыру, айтысу үшін осы мәселе бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті.
Мәселе бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы мынада: яғни, ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлеледеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.
Модельдеу әдісі.
Модельдеу әдісі (франц. modele, лат. modulus – үлгі), модель (лат. modulus – үлгі, өлшем) – нысан және оған қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т.б.). Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделен жасау әдісі.
Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастығы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа, екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зертеп, алған нәтижелерін ұқсастық пен үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын не мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель модель бола алмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.
Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болып бөлінеді. Модельдеудің түрін таңдау зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.
Бұл әдістің мәні, желілердің, сызбалардың, қысқаша сөздік сипаттамалардың, кейде матрицалардың, кескіндердің математикалық формулалардың, т.с.с. көмегімен зерттеліп отырған үдерістер мен құбылыстарға көркем бейнелі сипаттама беру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет