Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011



бет39/90
Дата05.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#79474
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90
Байланысты:
1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі

Анкеталау – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Әңгімелесу мен сұхбат алу бетпе-бет әңгіме құрумен жүргізіледі, ал анкета сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;
2) сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс;
4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары. Балалардың суреттері, сызбалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздармен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру үдерісін ұйымдастыру тәжірибесінде нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмысындағы кейбір күдікті мәселелерді түрлі құжаттарға сүйеніп, зерттеуге болады. Бұл - мектеп және мектептен тыс тәрбие мәселелеріндегі құжаттар мен мұрағат материалдары.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау жұмыстары, суреттері, түрлі жұмыстарын зерттеу арқылы кейбір керекті материалдар алуға болады.
Педагогикалық тест - нақты білім беру саласында оқушылардың білім, білік пен дағды құрылымын және деңгейін тиімді бағалауға мүмкіндік беретін белгілі бір пішін мен мазмұндағы тапсырмалардың күрделілігі бойынша сараланған жүйе. Педагогикалық тестілеу – қатаң қадағаланатын жағдайда өткізілетін мақсатты тексеру. Ол арнайы жасақталған міндеттер көмегімен педагогикалық үрдістің зерттелетін сипаттамаларын объективті өлшеуді қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет