ә) Өзінің құрбыларының әрқайсысына баға беру;
б) Таңдаудың жанама әдісі: мысалы, әрбір алты жасар оқушыда бес әртүрлі қызықты ашық хат бар. Ол мейраммен құттықтап, пошта арқылы тиісті адресатқа жібереді. Поштампта кімнің қанша және қандай ашықхат алынғаны нақты анықталады. Осының негізінде ұжым ішіндегі жан жақтылық қарым-қатынас көрінеді ( №1 сызба).
в) Сынып бойынша құрылған формасы негізінде міндеттемелердің бөлінуі: топ басшысы, тазалық секторы, редколлегия мүшелері, спорт секторы және т.б.
Осындай график арқылы оқушылардың бір бірімен қарым қатынасы құрылады. Бұл топтар эксперимент барысында әр түрлі тапсырмалар орындап, әрекет түрлерімен айналысуы керек. Кейін олардың ішінен басшы (лидер) айқын көріне бастайды. Жұмыстың мұндай жүйесі ұжымның қалыптасуын бірнеше есеге жылдамдатады, сонымен қатар ұжымның жеке тұлғаға әсер етуін қамтамасыз етеді.
Қаншалықты барлық жағдайларда негізгі параметр болып фактілер, сандар, көптеген сауалнама, тестілер, әңгіме жүргізген кезде шкаланың өлшем ретінде қолданылатыны белгілі: Салмақ, пән өлшемдері, тауар құндылығы және т.б. Тәрбиеде мұндай шкаланы кездестіру қиын. Зерттеуде педагогикалық болмыстың көп санның ішінен қайсысы болса да бағасының рангтік шкаласын өңдеп шығаруы қажет.
Педагогикалық эксперимент Эксперимент – (лат. тәжірибе, сынама) ғылыми дәлелденген тәжірибені, идеяны, ғылыми болжамдар, үлгілер, технологиялар, механизмдерді жаңа жағдайда тексеру.
Эксперимент – алдын ала белгіленген зерттеу мақсаттармен зерттеу пәніне белсенді түрде араласу; нақты ескерілетін жағдайда педагогикалық үрдісті қайта жасаудың ғылыми тәжірибесі.
мәліметтерді өңдеу (математикалық, статистикалық, графикалық, кестелік).
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеруде эксперименттің маңызы ерекше.
Педагогикалық эксперимент міндеттері:
1) жобаланған педагогикалық құбылыс және оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мәнін зерттеу;
2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;
3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру.
Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын және денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау);
- эксперимент жұмысы – бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);
- талдау – сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие жағдайында) және зертханалық – қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты және т.б. ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Зерттеу жүргізудің 2 сатысы бар: теориялық және эмпирикалық.
Теориялық сатысында әдебиеттердегі мәліметтерге талдау жасалып, жүйелендіріледі, ұғым аппаратын өңдеу, зерттеудің теориялық бөлімінің логикалық құрылымын құрастыру жұмыстары жасалады.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында – тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізіледі.
Эксперимент жүргізу негізінен 3 кезеңнен тұрады:
- анықтауыш экспериментте педагогикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді, болжам тексеріледі. Анықтауыш эксперимент жүргізу үшін кем дегенде екі топ зерттелуші, диссертация үшін 200 адам қатысу керек;
- қалыптастырушы эксперимент фактілерді анықтау және ұғыну негізінде педагогикалық құбылыстармен олардың шынайылығы тексеріледі;
- бақылау эксперименті болжамды растауға (немесе теріске шығаруға) мүмкіндік береді.
Эксперименттік жұмысты жүргізу үшін зерттеуші әдістеме жасақтайды. Әдістемелердің түрлеріне қарай
- ғылымда дәлелденген дайын әдістемелер;
- бар әдістемені өңдеп жасақталған әдістеме;
- зерттеушінің өзі ұсынған жаңа әдістеме.
Зерттеудің қорытынды сатысы болып оның нәтижелерін апробациялау, әдебиеттік жасақталуы және басылып шығарылуы болып табылады. Апробация – латын сөзі бекіту, мақұлдау дегенді білдіреді. Апробация баяндамалар, пікірталастар, жазбаша және ауызша рецензиялау формасында бола алады.
Егер эксперимент педагогикалық үдерістің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент – қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлігі, басқаларымен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды рөл атқарады.
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып педагогикалық үдерісті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтамыз. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметттерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі – экспериментті, екіншісі бақылау объектісі деп алынады. Осы екі объектіні салыстырмалы түрде қарап тиісті тоқтамға келуге болады.
Аталған эксперимент осы күнгі педагогикалық құбылыстарды зерделеуге мүмкіндк береді; нақтылаушы эксперимент кезінде болжам тексеріледі; қалыптастырушы (қайта құрушы, жасаушы) эксперимент кезінде фактілерді констатациялау және қайта електен өткізу негізінде жаңа педагогикалық құбылыстар анықталады және олардың ақиқаттылығы тексеріледі. Бақылау эксперименті өткізілген қалыптастырушы экспериментті оң (немесе теріске шығаруға) бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндіктен, болжамды растауға (немесе теріске шығаруға) мүмкіндік береді.
Осы мәселенің жалпы ғылым жүйесіндегі, оқыту (тәрбие) теориясындағы, тәжірибесіндегі орны қандай?
Осы құбылыстың басқа да төркіндес құбылыстармен байланысы қандай?
Ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа үдеріс, болмаса басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді; зерттеліп отырған үдерістің немесе құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай анықтау.
Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдарымен аяқталады. Бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін істелген істің барлығына сыни тұрғыдан баға беру, оған өзінің субьективтік көзқарасыңды білдіру қажет. Қолдағы әдебиетке сыни тұрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасына емес, логикалық, құрылымдық, фактологиялық талдауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікір, таластыру, айтысу үшін проблема бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті.
Проблема бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы: ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлелдеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.